Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 313,27 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 313,27 теңге

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 15 мамырда доллардың орташа бағамы 313,27 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,75 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 314,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 312,75 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 99 млн 550 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 241.

Ақша айырбастау орындарында 15 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.30) Алматыда 316 теңгені құраған.

Похожие материалы