Алматы. 7 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 тамыз доллардың орташа бағамы 331,75 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,58 тг, сауданың аяқталуы кезінде 332,10 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 97 млн 500 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 210.
Ақша айырбастау орындарында 7 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 334.2 теңгені құраған.