Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 қазандағы доллардың орташа бағамы 342,43 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 342,25 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 342,75 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 342,60 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 80 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 171.
Ақша айырбастау орындарында 3 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 344 теңгені құраған.