Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәрілікпен күрес жолында ағзаға керек 7 өнім

Кәрілікпен күрес жолында ағзаға керек 7 өнім

Қартаймай, үнемі жас күйде жүре бергенді барлығымыз жақсы көреміз. Бірақ күнделікті күйбең тіршілік, уайым, дұрыс тамақтанбау салдарынан бұл ойымыз жүзеге аса бермейді. Өз жасыңыздан әлдеқайда жас көрінуді қаласаңыз, 7kun.kz ұсынатын 7 өнімді сүйікті астарыңыздың қатарына тезірек қосып алыңыз. Жасартатын әсер беретін азық-түліктер бар, бірақ көбіне жарнамадан тыс қалып жатады. Ендеше, назарларыңызға кәрілікпен күрес жолында ағзаға керек 7 өнімді ұсынамыз.

  • Шөп-шалаңдар

mYo0mXC

Шөп-шалаң деген сөзді көбіне жақтырмай айтып жатамыз. Мәселен, сұйық тамақтың құрамына анаңыз аскөк, қырыққабат қосатын болса, әкеңіз: "шөп-шалаңнан басқа тамақ жоқ па?" деп мұрнын шүйіретін шығар? Ата-анаңыздың ерте қартайғанын қаламасаңыз, бұл тағамның пайдасын айта жүргейсіз.

Брокколи қырыққабаты, саумалдық, базиликтің құрамында фолий қышқылы, кальций және өзге де пайдалы заттар бар. Олар сүйек пен мидың саулығы үшін өте қажет болып келеді. 

Егер диета ұстап жүрген болсаңыз, брокколиді көбірек жеңіз. Ол артық салмақпен қатар, ұмытшақтықпен де күреседі. Сол себепті тамағыңызға барынша шөп-шалаңды көбірек қосуға тырысыңыз. 

  •     Өрік

RIeutC9Жаз басталды дегенше, жеміс дейміз десеңші! Иә, жаз бойы бойымызға күш беретін жемістерді көбірек жеп қалуға тырысамыз. Көздің жауын алатын ақшыл-сары түсті өріктің пайдасын бірі біліп жесе, бірі жай ұнатқаннан жейді. Өріктің құрамында каротиноидтар бар. Олар жүрек ауруларын, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа келтіруге көмектесетін күшті антиоксиданттар. Сонымен бірге, өріктң құрамындағы А дәрумені көз, тері, шаш, тістің қызыл иегі үшін де өте пайдалы.

  • Жидектер

    1BsgUrn

Өзге жемістерге қарағанда дәмімен ғана емес, пайдалы заттарының көптігімен де ерекшеленетін жидектерді көп жеген дұрыс. Бұны ғалымдар бірнеше мәрте дәлелдеген. Пайдалылығы жағынан осы ретте жидектердің бәсекелесі ретінде тек қырыққабат пен саумалдық (шпинат) қана шыға алады. 

Балғын жидектердің құрамында антоциан атты фитохимиялық және түсті пигменттер көп. Олар несеп жолының жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.

Сонымен бірге, жидектерде жүрек аурулары мен қатерлі ісіктен сақтайтын кверцетин атты антиоксидант бар. Ал, қаражидек (черника) Альцгеймер ауруының дамуын тежей алады. 

  • Зәйтүн майы

Laf7Xjx

Бұл майды салаттарда жиі қолданамыз. Жерортатеңіздік диета түрінің негізін де осы май құрайды. Зәйтүн майында миды сергек ұстауға көмектесетін Омега-3 қышқылының мол мөлшері бар.

Одан бөлек, холестерин деңгейін төмендетіп, терідегі қан айналым жүйесін жақсартып, ас қорыту жүйесінің жұмысын қалыпты етеді. Осының барлығы ағзаңыздың саулығын қамтамасыз етеді. Сол себепті "қара домалақты" көбірек жеп тұрған абзал. 

  • Қызанақ

zE9mRXo

Теріні қартаюдан сақтайтын бірден бір көкөніс - қызанақ. Ғалымдардың айтуынша, егер теріңіздің проблемалары болса, он күн бойы зәйтүн майы мен томат пастасы бар тағамдар жеңіз. Ол сіздің мәселеңіздің шешімі болары сөзсіз. 

Сонымен қатар, жаз айларында қызанақты күнделікті жеу күннің күйдіруінен 40 пайызға дейін қорғайды. Құрамындағы липокин осыған сеп болады. Және де әжімдердің де пайда болуын тежеуге осы липокин көмектеседі. Томат шырынын, қызанақ қосылған салаттар, ас әзірлеу барысында томат пастасын қосу дәмді тағам болып қана қоймай, денсаулығыңыздың кепілі де болады. 

  • Бадам

vI5NeL3

Қонаққа барсаңыз, осы жаңғақты сүйіп жейтіндердің саны көп екенін байқауға болады. Оның пайдалы екендігін де бүгінде көп адам біледі. Бұның құрамында Е дәрумені өте көп. Ғалымдар мен диетологтар күн сайын бір уыс бадам жеп тұрғанның ағзаға пайдалы екендігін айтады.

Күнде бадам жеу қартайған кезде координацияға қатысты мәселелерден қашып құтылуға көмектеседі. Е дәрумені сонымен бірге жас ұлғайған уақытта физикалық төзімділікті арттырады.

  • Авакадо

vMlRSVo

Авакадо ағзадағы қышқылдық деңгейін азайтады. Себебі, оның құрамында Омега-3 бар. Одан бөлек, авакадода тері саулығы мен шаштың жылтырлығын сақтайтын дәрумендер өте көп. Көбірек жеп тұрсаңыз, бетіңізге әжім азырақ түсетін болады. 

Деніңіздің саулығын ойлап, ұзақ жасаймын десеңіз, дұрыс тамақтанғаныңыз жөн. Пайдалы тағамдарды ғана таңдаңыз.

Дайындаған Аққайыр Жадыра "7"

Похожие материалы