
Алматыда жазушы, қазақ диссиденті Кәрішал Асанов 79 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Азаттық Радиосы.
Жазушының қызы Қарлығаш Асанова әкесі наурыздың 26-сы күні кешке дүниеден өткенін жеткізген. Туыстарының айтуынша, Кәрішал Асанов соңғы кездері жүрегі ауырып, бір айдай бұрын ауруханада жатып шыққан.
Кәрішал Асановты сенбі, наурыздың 28-і күні Алматыдағы Кеңсай зиратына жерлейді.