Танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила тренингтер өткізу арқылы жастарды бизнеске баулымақ. Бұл туралы ол Facebook-тағы парақшасында жазды.
«24 Наурызда «Бизнес бастау» бизнес тренингін бастаймыз. Бірінші мастер класс тегін. Талапты жастарға қолдарына айына 200 000 – 1 000 000 теңге табыс әкелетін кәсіп ұстатып беремін деп уәде бере аламыз. Кәсібі барларға ғаламтор күшін пайдаланып сату көлемін 2 есе арттыруына көмек береміз» деген хабарлама жазған.
Еске сала кетейік, кәсіпкер былтыр «Сапалы қазақ» деген атпен тренингтер өткізуді бастаған болатын. Алайда, кейін белгісіз себептермен тоқтатып, алдағы уақытта жалғастыруға уәде берген еді. Енді тренингтерді жалғастырмақ.
Алайда кәсіпкер тренингтерді қазақ тілінде өткізсек халық жиналмайды ма деп қорқып отырмын» дейді. «Таныстарымнан сұрасам: Қазақ тілді жастар не сенбейді, не талпынбайды дейді. Сетевой маркетинг не Қаржы пирамидасы ма деп ойлайды екен. Неге?» деген пікір қалдырыпты.
Аталған тренингтерге қатысуға ниеттілер Facebook әлеуметтік желісіндегі "Бизнес бастау" тобы арқылы жазыла алады.