Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкер әйелдерге арналған бизнес семинарлары өтті

Кәсіпкер әйелдерге арналған бизнес семинарлары өтті

Астана. 5 сәуір. 7kun.kz - Ақмола облысында ЕҚЫҰ қолдауымен «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы», «Кәсіпкер әйелдер үшін көшбасшылық дағдылары» тақырыптарында оқыту семинарлары өткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Семинарға Шортанды, Аршалы, Ақкөл аудандарының, Астана мен Көкшетау қалаларының кәсіпкерлері қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,  «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» ҚБ төрағасы, «ASIA» Кәсіпкер  әйелдер бизнес қауымдастығы» ЗТБ президенті Меруерт Қазбекова және Қазақстанның Кәсіпкер  әйелдер одағының атқарушы директоры Гүлнәр Күшмұрзина  кәсіпкер әйелдерге арнап дәрістер өткізді.

Семинар кәсіпкер әйелдерге проблемаларды айқындау және ақпараттық қолдау көрсету арқылы шағын бизнесті  тиімді әрі сауатты құру мен дамытуда көмек көрсетуге бағытталған.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың айтуынша бүгінде қазақстандық әйелдер  экономикада лайық орынға ие болып, бизнесте жоғары позицияларға жетті.

Қысқа мерзімде кәсіпкерлер өз кәсіпорындарына табысты қамтамасыз ете алды, оларға тиісті іскерлік әлеует танытты және іскерлік әйел туралы  ескірген түсінікті өзгерткенін депутат атап өтті.

 

Похожие материалы