Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкерлер “Бәрі де рахмет үшін” көшпелі дүкенін ұйымдастырады

Кәсіпкерлер “Бәрі де рахмет үшін” көшпелі дүкенін ұйымдастырады

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Жетісу кәсіпкерлері «Атамекенім» акциясы аясында көшпелі “Бәрі де рахмет үшін” дүкенін ұйымдастырады. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кәсіпкер Бақтыбай Қасымбаев «Атамекенім» акциясын қолдау мақсатында Кербұлақ ауданының іскер әйелдері мен Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері ауылдық округтерде “Бәрі де рахмет үшін” көшпелі дүкенін ұйымдастыру жоспарланғанын айтты.

«Біздің кәсіпкерлер мыңнан астам қажетті заттар мен тұрмыстық тауарлар жинады. Оның барлығын әлеуметтік көмекке зәру ауыл тұрғындарына таратамыз», - деді спикер.

Осы саладағы шешімдердің бірі ретінде Әлеуметтік мәселелер реестрі әзірленеді. Реестр Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (atameken.kz) сайтындағы «Қайырымдылық» айдарында орналасады. Әлеуметтік мәселелер реестрі арқылы қандай да бір көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тізімге өтінім қалдыра алады. Кәсіпкерлер өтінім-тілектермен танысады.

Алдағы уақытта облыстың барлық ауданында қайырымдылық шаралары, акциялар мен көшпелі отырыстар өткізу жоспарланып отыр.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы