Экономика
Выбор редактора
Кәсіпкерлер палатасы штатын оңтайландырмақ
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) орталық аппаратын үштен бір бөлікке оңтайландырмақ. Бұл туралы бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов хабарлады.
"Біз жылдың аяғына дейін орталық аппаратты үштен бір бөлігіне оңтайландыруды жоспарлап отырмыз. Бұл шамамен 70-80 адам. Бірақ біз оларды еш дәлелесіз жұмыстан шығарып тастамаймыз. Тамыз айында аттестаттау өткізіледі", - деп мәлімдеді А.Мырзахметов.
Бұл ретте А.Мырзахметовтың айтуынша, аймақтық палаталарда штатты 15%-ға оңтайландыру жоспары тұр.
ҚКП басшысы осылайша палатаның баяулығы мен бюрократиясын жоймақ. "Бес айдың ішінде 7000 астам кеңес өтті, мемлекеттік органдармен арадағы құжат айналымының көлемі 4-5 мың және мұны қысқарту керек", - деді ол.
Сонымен қатар Ұлттық палата өз функцияларының бір бөлігін профильдік қауымдастықтаға табыстауды жоспарлап отыр. "Осылайша біз штатты қысқартатын боламыз, адамдар қауымдастықтардың қарамағына өтеді және нақты сала жарналарының бір бөлігі оларға қайтарылады. Мұндай процедура басталып кетті", - деп түсіндірді А.Мырзахметов.