Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкерлікті қорғау бойынша жедел топ құрылды

Кәсіпкерлікті қорғау бойынша жедел топ құрылды

Өскемен. 7 тамыз. 7kun.kz - ШҚО-да кәсіпкерлікті қорғау бойынша жедел топ құрылды. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

Енді кез келген кәсіпкер мемлекеттік тексеруші органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен қызметтерін асыра пайдаланулары, сонымен қатар кәсіпкер мүдделері мен құқықтары бұзылуы туралы сенім телефоны арқылы хабарлай алады.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғап, заңсыз әрекеттерді жою мақсатында жедел топ оқиға орнына бірден барып, мәселені шешуге кіріседі. Кәсіпкерлер назарына: кез келген тағайындалған тексерудің заңды жүргізілуін білу үшін арнайы «Qamqor» мобильді қосымша іске қосылған.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы базасында ШҚО бойынша ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп басқарамысының қызметкерлері өтінімдер мен арыздарды қарастыру мақсатында әр бейсенбі, сағат 14:30-дан 18:30-ға дейін бизнесмендермен кездесу ұйымдастыратын болады.

Сенім телефоны 8/7232/ 61-40-60, 61-40-63. Сонымен қатар өтінім-арыздарды мына электронды почталарға жіберуге болады: 7237210@kgp.kz, 7237221@kgp.kz

Похожие материалы