Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл әскерге шақырылушылар екі кезеңді медициналық тексеруден өтеді

Биыл әскерге шақырылушылар екі кезеңді медициналық тексеруден өтеді

Қазақстанда «Күз-2015» шақыру кампаниясы өтуде. Еліміздің әртүрлі өңірінде осы күзде шақырылуға жататын 18 бен 27 жас аралығындағы оң мыңға жуық ер жігіт алдағы әскери қызметке дайындық үстінде. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алайда, әскерге тап болмас бұрын медициналық куәландырудың екі кезеңінен өтуге тура келеді. Ең алдымен болашақ сарбаздардың денсаулық жағдайын аудандық медциналық комиссия тексереді. Жарамдылық соңғы бес жыл ішіндегі денсаулық жай-күйі туралы мәліметтерден тұратын зертханалық зерттеулер, медициналық құжаттар негізінде қолда бар нақты талаптарға сәйкес айқындалады. Әрі қарай әскери қызметке жарамдылардың тізімі облыстық комиссияға жолданады. Барлық үміткерлерді қайта тексеруден өткізіп, Астана және Алматы қалаларының, облыстарының комиссиясы соңғы шешім шығарады, Жергілікті әскери басқару органдары мамандарының айтуынша, денсаулық жағдайы әскери қызметке іріктеудің негізгі өлшемі. Медициналық тексерістің екі кезеңі анағұрлым сапалы іріктеуді жүргізуге және әскери қызметке жарамсыз адамдарды шақыруды болдырмауға мүмкіндік береді. Соңғы бес жыл ішінде келешек мерзімді сарбаздардың денсаулығына қойылатын талаптар күшейтілгенін айта кеткен жөн. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы өткізу қағидалары мен әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» 2012 жылғы 7 тамыздағы ҚР Үкіметінің қаулысымен шақырылушылардың денсаулық жағдайына жаңа талаптар енгізілген. Соған сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын үміткерлер міндетті түрде наркологиялық тестілеуден, гепатит және туберкулезге зертханалық зерттеуден өтеді. Ал тікелей қызмет өткеру орнына жөнелмес бұрын шақырылушыларды соңғы тексеру, яғни, есірткі заттары және ЖИТС-тың болуына тест тапсырады. Биылғы жылы еліміздің Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 12 000-нан астам ер азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отырғанын естеріңізге сала кетейік. Олардың 4 000-ға жуығы Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне қызмет етуге жіберіледі.

Похожие материалы