Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Какао бұршағы қымбаттап жатыр

Какао бұршағы қымбаттап жатыр

Бейсенбі күні Нью-Йорктағы сауда барысында какао бұршағының фьючерстері соңғы жеті ай ішіндегі максимумға дейін қымбаттады, бұған Ганадан болатын жеткізілімдердің қысқару қаупі себеп болды, бұл ел - әлемдегі шоколад үшін қажетті шикізаттың ең ірі өндірушілерінің бірі деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Нью-йорктың ICE Futures U.S. нарығында маусымда жеткізілетін какао бұршағының фьючерстері 1,7%-ға, тоннасына $3178 дейін жоғарылады. Бұған дейін, 21 мамыр күні бағам тоннасына $3181 дейін жетті -  бұл өткен жылдың 13 қазанынан  бергі ең жоғары көрсеткіш. Ecobank берген бағаға сүйенек, Ганадағы какао бұршағының өндірісі осы жылы 25%-ға қысқаруы мүмкін, бұл қажетті фунгицидтердің жоқтығынан туындаған өсімдіктердің таз ауруының асқынуына байланысты. Бұған қоса, нарық қатысушылары осы жылы Батыс Африкада қайта күшейе бастаған Эль-Ниньо табиғи құбылысының әсеріне, оның какао бұршағының егініне тигізетін ықпалына алаңдап отыр.

Похожие материалы