"Punjab National Bank үндістандық банк бұрынғы еншілесі „PNB Қазақстанды“ Тенгри банк деп өзгертіп, оның бақылау пакетін сатуы жақын арада бұл инвестициядан шығу ниеті барын білдіреді", - деді сарапшы.
Үндістанның екінші деңгейлі банкінің Tengri bank-те 63 пайыз үлесі болған, кейін оны 80 пайызға дейін жеткізді. Punjab National Bank кезінде Қазақстанды Орталық Азиядағы өз бизнесінің тірегі етеінін жариялаған еді. Бірақ қазір олардың үлесі 49 пайызға дейін төмендеді. Бұл олардың жоспарының сіке аспай қалғанын көрсетеді, дейді Азамат Талғатбеков.
Дәл осы Punjab National Bank-тің Қазақстаннан кетіп өз үлесін нарық құнынан төмен бағағ сатқаны банктердің бірігуіне себеп болды деп қорытындылады ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 наурызында Tengri bank пен Capital bank Kazakhstan екі қаржы институтының бірігуі туралы меморандумға қол қойғандарын хабарлаған еді.