Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәрім Мәсімовтың інісі ұсталды

Кәрім Мәсімовтың інісі ұсталды

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz — Қырғызстан шекарасынан өтпек болған Павлодар облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов қамауға алынды.

Бұл туралы «Kozachkov offside» Telegram-арнасы хабарлады.

«Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің інісі, генерал Мәсімов өткен тәулікте қамауға алынған. Генералдың Қырғызстан шекарасын Қордай шекара бекеті арқылы жаяу кесіп өтпек болғаны расталды», – делінген Telegram-арнасының хабарламасында.

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында хабарлағандай екі түрлі нұсқа бар.

«Екі сенімді дереккөз Мәсімов Павлодар облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүргендіктен паспорттық бақылаудан өтіп жатқанда ұсталды деп мәлімдейді. Ертең оны Павлодарға арнайы ұшақпен жеткізіледі деген болжам бар. Бұл істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет зерттейді.

Екінші нұсқа бойынша, Мәсімов жол жүру шектеулеріне байланысты шекарадан өте алмады. Бірақ оны ешкім ұстамады. Ол жай ғана Қазақстан аумағына оралды», – делінген хабарламада.

Бұл туралы әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жоқ.

Айта кетейік, 17 қаңтар күні Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылып, оның орнына Василий Скляр тағайындалды.

Похожие материалы