Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Карина Абдуллина сәуегейлікпен айналыса бастады

Карина Абдуллина сәуегейлікпен айналыса бастады

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – Қазақстандық әнші Карина Абдуллина Таро картасы арқылы сәуегейлік қызмет көрсетпек. Бұл туралы әнші фейсбук парақшасында бөлісті.

Әнші «Алдын ала жазылу арқылы Таро картасымен болжам жасаймын. Қарым-қатынастағы келіспеушіліктер мен сізді толғандыратын сұрақтарға және т.б. жауаптар ала аласыздар», дейді.  Қызмет ақысын бес мың теңге деп белгілепті.

Әлеуметтік желіде әншінің бұл ісіне таңқалғандар да, қолдағандар да бар. Қолданушылардың бірі «бұл дұрыс емес», «шайтанға жол ашу», - десе, енді бірі «жарайсың Карина», «өте сезімтал жансыз, жұмысыңыз алға бассын», - деп пікір білдірген.

Айта кетсек, біраз үзілістен кейін әнші қайтадан белсенді түрде шығармашылықпен айналыса бастады. Болат Сыздықовқа арналған жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Өмірлік махаббатын тауып, жаңа мамандықты игере бастады.

 

Похожие материалы