Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KASE: бүгінгі ресми бағам - бір долларға 253,8 теңге

KASE: бүгінгі ресми бағам - бір долларға 253,8 теңге

Теңгенің долларға қатысты орташа бағамы жұма күні Қазақстан қор биржасында (KASE) 0,86 теңгеге өсті. Бұл жөнінде Қазақстан қор биржасы хабарлайды.

Бейсенбі күнгі орташа курс - 253 теңге болған еді. KASE мәліметінше, бірінші саудада доллар құны - 258 теңгені құраған. Минимал курс -  245/$1, максимал -259/$1, жабылған сәтте – 253,8/$1 болды. АҚШ доллары саудасының көлемі жұма күні 199,1 млн болды делінген KASE ақпаратында. Ал, бейсенбі күні көрсеткіш 64,25 млн долларды құраған еді. Саудаға 24 банк қатысты. 11 қыркүйек күніне арналған ресми бағам - 1 доллар үшін 253 теңге. Естеріңізде болса, кешелі бері жеке айырбастау орындарында доллар 261 теңгеден сатылып жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

Похожие материалы