Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген: KASE-нің негізгі басымдылығы – қаржыландырудың нақты тетіктері мен инвестицияны арттыру үшін сенімді құралдар ұсыну

KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген:  KASE-нің негізгі басымдылығы – қаржыландырудың нақты тетіктері мен инвестицияны арттыру үшін сенімді құралдар ұсыну

Қазақстанда қор нарығының қазіргі жай-күйі қандай? Болашақта қандай өзгеріс болады? KASE Басқарма төрағасы Алина Албамберген 7kun.kz оқырмандары үшін арнайы сұхбат берді. 

-Алина Өтемісқызы, қазақстандық қор нарығындағы трендер туралы айтсаңыз және оның болашағын қалай елестетесіз?

Қазіргі уақытта Қазақстанның қор нарығы алға ілгерлеу үстінде. Бұл 2017 жылдың сандық және сапалық қорытындысымен расталады. Өткен жылы KASE-де листинг рәсімінен 25 эмитент облигацияларының 37 шығарылымы және 11 эмитенттің 11 атаулы акциялары өтті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, KASE сауда-саттық тізіміне енгізілген эмитент акцияларының саны 110-ға, ал акция атауларының саны - 127-ге дейін жетті. Бұл Биржа тарихындағы ең үздік көрсеткіш. 

KASE-дегі сауда-саттықтың жалпы көлемі 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 60,3 % өсіп, 151,1 трлн теңгеге жетті. Бұл да рекордтық көрсеткіш. KASE-нің барлық нарығы оң өсім көрсетті: құнды қағаздар нарығы-  2,6 есе (көлем – 3 450,4 млрд теңге),  қаражат нарығы - 64 % (объем – 135 726,4 млрд теңге), шетелдік валюта нарығы - 17,6 % (көлем – 12 321,5 млрд теңге). Деривативтер нарығындағы келісім көлемі  22,1 млрд теңгені құрады, 2016 жылы 1,8  млн теңге ғана болған.  KASE Индексінің мәні 2017 жылы 59 %-ға, 2 162, 69 пунктке өсіп, соңғы 9 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішті жаңартты. Акциялар нарығының капиталдануы бір жылда 20 %, тарихи шекті өсімге 17,1 трлн теңгеге дейін өсіп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша капиталдану ІЖӨ-нің қатынасына 30-дан 35% дейін өсті (теңгеде).

Дегенмен, біздің биржамыз бүгінгі әлемнің тез өзгеретінін түсінеді. Ағымдық үрдістер біздің бизнестің құрылымына, жаңа жобалар мен технологияларға деген көзқарасымызды қайта қарауға итермелейді, ал біздің қазіргі және әлеуетті клиенттеріміз, өз кезегінде, инвестицияларға деген көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр. Орта мерзімді келешекте ненің құнды болатынын, қай компаниялар және салалар ел экономикасына қарағанда тез дамитынын, қайсылары инвестициялық тартымдығын жоғалтатынын дөп басып айту өте қиын.  

KASE-нің аукцион ұйымдастырушысы ретінде инфрақұрылымды қалыптастырып, сауда алаңының ережелерін белгілеуге мүмкіндігі бар, осылайша қазіргі нарық жағдайына, конъюнктурасына байланысты элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың белгілі бір жүйесін қалыптастырады. Бұл өте жауапты рөл. Қысқа мерзімді кезеңде біз іргелі, терең құндылықтарды жоққа шығаратын сәнді спекулянттық құралдарды дамытумен әуестенбейміз. Біз үшін басты басымдық - Қазақстан экономикасындағы компанияларға шынайы қаржыландыру тетіктерін, ал инвесторларға капиталды арттыру үшін құралдар алуандығын ұсыну. Осы ұстанымға сүйене отырып, біз «балама» алаң құрып, қысқа «коммерциялық» облигациялар енгіздік, жеке және квазимемлекеттік компаниялар үшін қор нарығы арқылы қаржыландырудың жаңа түрлерін енгізу үшін Қазақстанның даму институттарымен нәтижелі және сындарлы келіссөздер жүргіп жатырмыз. 

Бізде 2018 жылы KASE тізіміне енген эмитенттер мен құралдар санының ары қарай да сенімді өсуін күтуге негіз бар. Мұндай болжам Биржаның маркетингтік белсендігі, баламалы алаңның тартымдығына байланысты. Сондай-ақ, теңгемен қорландырудың арзандауын күтіп отырмыз және  ұлттық валютаның тұрақтығы, банк секторы мен тұтастай алғанда Қазақстан экономикасының қалпына келуіне байланысты.  -Биржалық нарықты дамыту үшін тек нарықтың сапалы эмитенттермен қамтамасыз етілуін қамтып қана қоймайтын тұтас кешенді тәсіл қажет. Басқа қандай жаңа биржалық өнімдер енгізілді?

-2017 жылы KASE-нің негізгі сәттерінің бірі ЕАЭҚ кеңістігінің өкілі болып табылатын үш жаңа қатысушыға Биржадағы сауда-саттыққа кіруге рұқсат беруі болды. Атап айтқанда, 2017 жылдың ақпанынан бастап шетел валюталары нарығында Мемлекетаралық банк жұмыс істеп келеді, ал Еуразиялық даму банкі қор нарығында сауда-саттыққа жіберілді. «UNIVER Capital» ЖШҚ 2017 жылдың сәуірінен бастап KASE-дегі бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен сауда-саттыққа жіберілген бірінші шетелдік брокер атанды. 

2017 жылы екі елдің ұлттық қаржы нарығы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Биржа Bank of Chinа limited банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 2017 жылдың 20 ақпанынан бастап, теңгеге T + 1 есебімен (CNYKZT_TOM) Қытай Халық Республикасының юанімен сауда-саттық іске қосылды, ал 2017 жылдың 14 қыркүйегінде теңгеде T + 2 (CNYKZT_SPT) есеп айырысуымен қытай юанімен сауда-саттық ашылды. 

Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру аясында валюта нарығындағы қорғаныстың қосымша деңгейі - клирингтік қатысушының кепілдік жарнасының мөлшеріне байланысты қатысушы позициясын ашу лимиті енгізілді. 

Корпоративтік облигациялар нарығында жаңа индикаторлар - таза баға индексі, негізгі алаң (KASE_BM* сериясы) және балама алаң (KASE_BA * сериясы) кірістігінің индикаторы іске қосылды. 

Сондай-ақ, KASE «ЭСК «KazakhExport» АҚ-пен бірлесе отырып, шикізаттық емес өнім экспорттаушылары болып табылатын отандық компаниялар үшін мемлекеттік қолдау көрсету тетігін енгізуді қамтитын жаңа биржалық өнім жасап шығарды. Жаңа механизмге сәйкес, экспортерлардың эмитент дефолтынан «KazakhExport» АҚ-тың сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз етілген өз облигацияларын шығару және орналастыру арқылы қор нарығында қарыздық қаражат тарту мүмкіндігі пайда болды. Осы тетікке сай, «ЭСК «KazakhExport» АҚ сақтандырушы болып табылады, эмитент сақтанушы ретінде әрекет етеді және облигацияларды ұстаушы пайда алушы болып табылады. Сақтандыру жағдайы эмитенттің дефолты болып табылады. Сақтандыру жағдайында сақтандырушы пайда алушыларға сақтандыру төлемін төлейді. Сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз етілген облигациялар шығару көлемі 5 млрд теңгеден аспауы тиіс. Сақтандырудың индикатив мөлшерлемесі шамамен жылдық 2% құрайды. 

Өз кезегінде, эмитенттің егемен деңгейіндегі халықаралық қаржылық тұрақтылық рейтингі бар, сондай-ақ, Қазақстанның ұлттық компанияларының бірі болып табылатын сақтандырушының сақтандыруымен қамтылған облигацияларының болуы, инвесторлардың тәуекелдерін айтарлықтай азайтады және, тиісінше, облигациялар нарығында қаражат тарту құнын төмендетуге септігін тигізеді. Оған қоса, Биржа облигациялар бойынша купондық мөлшерлемесі субсидиялау және «БЖК-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында қазақстандық компаниялардың шығарған облигациялары бойынша негізгі борыштың бөлігіне кепілдік ету механизмін енгізу жөніндегі жоба әзірледі.  

-2016-2018 жылдарға арналған стратегияны іске асыру аясында Биржаның қандай жоспарлары бар, ағымдағы жылы қайсысы орындалды және қандай нәтижелер бар?

-2016-2018 жылдарға арналған даму стратегиясының аясында KASE биржа нарығын дамыту, Биржа мен оның қызметтеріне бағытталған іс-әрекеттерді арттыру, биржалық бизнестің тиімдігі мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылату сияқты негізгі бағыттар бойынша белсенді қызмет атқарады. 

Осы жылдың басынан бастап KASE жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықты іске қосты. Қазіргі уақытта валюталық своп операциялары Қытай Халық Республикасының юанінің валюталық жұбы бойынша / қазақстандық теңгемен жүзеге асырылады, валюталық жұппен ресей рублі / қазақстандық теңгемен және рубльге T + 2 теңгемен валюталық своп операциялары жүргізіледі. 

KASE Биржа мүшелері мен эмитенттері үшін KCELL-ге арналған «Эмитент күні» атты бірқатар іс-шара өткізді; листингтік компанияларды ашықтығы үшін және Биржаның ең белсенді мүшелері болғаны үшін марапаттау. Бастапқы компаниялар мен инвесторлар арасындағы байланыс құру үшін KASE «Startup» https://startup.kase.kz/ алаңын іске қосты. 

2018 жылдың 15 наурызынан бастап Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп әзірленген - Қоршаған орта, әлеумет және басқару (Environmental, Social and Governance, бұдан әрі - ESG) критерийлері туралы есеп дайындау үшін жаңартылған әдістеме жасалды. 

Әдістеме ESG критерийлері бойынша есепті жасау үшін эмитенттерге арналған нұсқаулық есебінде қарастырылады, оның мақсаты компаниялардағы тәуекелдерді басқару және тиісті корпоративтік басқару жүйесін қалыптастыруға көмектесу, Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту, соның ішінде шетелдік инвесторлар үшін компаниялардың тартымдығын арттыру, ұзақ мерзімді тұрақты инвестицияларды қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан басқа, әдістемені пайдалану Қазақстан Республикасында «Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарын» жүзеге асыруға ықпал етеді. 

Бірыңғай еуразиялық экономикалық кеңістікті дамыту және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭ) мүше мемлекеттер үшін бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыру шеңберінде KASE және Мәскеу қор биржасы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Өзінің 25 жылдық мерейтойына орай, Биржа 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен нарығын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосқан танымал қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен «KASE Talks» атты ашық дәріс өткізді. KASE-нің экс-президенттері Азамат Жолдасбеков (2002-2009 ж.ж. басқарған) және Дамир Карасаев (1999-2002 ж.ж. басқарған) ашық дәрістерде сөз сөйледі. Кездесуге сондай-ақ, Қазақстандағы ірі қаржы холдинг Centras Group-тің негізін қалаушы және иесі Эльдар Абдразаков қатысты.  

KASE сондай-ақ 2018 жылы бірқатар оқу іс-шараларын өткізді: «Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржыландыруды енгізу» тақырыбында «Даму» Қорымен ынтымақтастықта дөңгелек үстел; «Қазақстан Қор биржасындағы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел; ұлттық компаниялар қызметкерлеріне арналған дәрістер; «Бағалы қағаздар нарығында сауда жасау» тақырыбында қазақстандық ЖОО-лардың қаржы-экономикалық факультетінің оқытушылары мен студенттеріне арналған оқу бағдарламасы; Қазақстанның түрлі өңірлерінен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен кеңес беру кездесулері, жеке инвесторлар үшін оқыту семинарлары. 

Сонымен қатар, Биржа KASE валюталық нарығына  Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен банктерді тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Мұндай банктердің биржалық нарықта пайда болуымен ең алдымен, Ресей рублінде және Қытай юанында сауда-саттықтың белсендігін арттыру банктердің аймақтық орналасуын және ұлттық валюталардағы есеп айырысуды ынталандыру шараларын ескере отырып күтіледі. 

-Биржада ОКА (Орталық клирингтік контрагент) институтын құру жоспарланып жатыр. Бұл жаңалықтың қалай жұмыс істейтінін және ол қандай функцияларды атқаратынын түсіндіріп беріңізші. Қашан іске қосылады?

-Биржа өзінің стратегиясы бойынша инфрақұрылымдық ұйым ретінде клирингтік қызметті дамытуға және биржаның барлық нарықтарында орталық контрагенттің институтын құру бағыттары қарастырылған. 

2018 жылы Қазақстан қор биржасы шетел валюталар нарығында орталық контрагент қызметін жүзеге асыруға ниетті. Биржа жеке лицензиямен бірнеше нарықта клирингті жүзеге асырады: қор нарығы (T + 2), валюта нарығы, деривативтер нарығында. 

Орталық контрагент (ОКА) - нарықтағы әрбір мәміленің қатысушысы - сатушы мен сатып алушы арасындағы делдал. ОКА мәміле жасасқан тараптардың біреуі дефолтқа жол бермеген жағдайда, мұндай қатысушыларды мәміле бойынша міндеттемелерді орындау үшін кепілдік беретін адал қатысушы алдында мәмілені орындау міндеттемесін қабылдайды. 

-Биржа деректері бойынша, биыл брокерлердің KASE-нің шетелдік валюта нарығына қолжетімдігі іске қосылды. Қандай мақсаттарға қолжетімдік ашық және бұл жоба қазір қандай кезеңде?

-Осы жылы KASE қазақстандық қор биржасы сауда-саттық алаңына сауда-саттыққа рұқсат беретін брокерлік ұйымдарды ұсынады. Енді брокерлік жүйелердің биржалық жүйелермен өзара іс-қимылын түзету мақсатында сауда-саттық жүйесінің сынақ нұсқасында қол жетімдік ашылды.  

Биржалық валюта нарығына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік беретін брокерлік қызметтерді ұсыну жобасы 2016 жылы KASE тарапынан ұсынылды. Осы жобаның аясында 2017 жылы KASE Қазақстан Ұлттық Банкімен, Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясымен, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен брокерлік ұйымдар өкілдерімен бірге валюта нарығындағы сауда-саттыққа қолжетімдікті қамтамасыз ететін әр түрлі нұсқаларды әзірледі. 

Ұлттық банкпен бірге өткізген жұмыс отырыстарында брокерлік ұйымдардың валюталық нарыққа кіруін екі кезеңмен жүзеге асыруға мүмкіндік беру туралы келісімге қол жеткізілді. 

Бірінші кезеңде сатылатын шетелдік валютаны толық алдын-ала жеткізу және / немесе сатып алынатын шетел валютасын толық алдын ала төлеу режимінде, брокерлік ұйымдардың тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетуі және нетто-сатып алудың бір клиентке күніне 100 000 АҚШ долларынан аспайтын шектеуімен (валютаның нетто-сатылуы шектелмейді) брокерлік ұйымдарға енуге рұқсат ету жоспарланған. Екінші кезеңде - ішінара қызмет көрсету және қызмет көрсетілетін клиенттердің санын көбейту режимінде. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №9 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру ережелеріне брокерлік ұйымдарға валюталық нарықта биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығына қатысты тиісті түзетулер енгізілді. 2018 жылғы 22 сәуірден бастап күшіне енеді. 

Осы орайда Биржада шетел валютасымен сауда-саттыққа рұқсат алу үшін брокерлік ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұлттық және шетел валюталарында банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын алу және «валюталық» санат бойынша KASE-ге мүшелік алу тәртібін қабылдау қажет. 

-Биржа осы жылы стартап-алаңын іске қосты. Осы тұғырнаманың функциялары мен міндеттері қандай? Осы жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер қандай?

-KASE Startup – бұл мақсаты стартап-компаниялар мен инвесторлар арасындағы байланыс құру болып отырған интернет-алаң. Инвесторлар мен стартап компаниялар арасындағы қарым-қатынас алаң ережелерімен реттеледі және қажет болған жағдайда тараптар тұғырнаманың құралдарын пайдаланбай да келіссөздер жүргізе алады. Қазақстан қор биржасы мәміле жасасуға ниет білдіруші тараптарға оны рәсімдеуге және одан әрі есеп айырысу жүргізуге өз инфрақұрылымын ұсынады, сөйте тұра инвестор мен стартап-компания мәмілені өз бетінше де жүргізе алады. 

KASE Стартап алаңының ұйымдастырушысы - Биржа. Алаңды құру және басқару кезінде Биржа қор нарығында эмитент-компаниялармен және инвесторлармен жұмыс жүргізудің озық тәжірибесін қолданады. 

Ақпаратқа қол жеткізу, келісуге ұсыну, ақпаратты ашу рәсімдері қашықтықтан өте береді, бұл кез келген аймақтың стартап-компаниялары мен инвесторларына оның қатысушылары болуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайда Биржа компанияның ресми мөрі бар және / немесе нотариалды түрде расталған қағаздағы ақпаратты сұратуы мүмкін, бұл алаң қатысушыларының барынша ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты. 

KASE Startup қатысушылары үшін маңызды критерийлердің бірі ақпаратты ашу болып табылады, бұл келісілген тізім бойынша және ережелермен анықталған мерзімде жүйелі түрде деректер беруді білдіреді. Ақпаратты ашу инвесторлар тарапынан әлдеқайда жоғары сенім деңгейін қалыптастырады. 

Бұл алаң стартап-компаниялар және инвесторлар арасында байланыс орнатуға арналған. Алаң аясында, оның қатысушыларына қор нарығының кәсіби қатысушылары арқылы биржада стартап-компаниялар капиталындағы үлестерді сатып алу және сату бойынша мәмілелер жасасуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, қатысушылар KASE инфрақұрылымының барлық артықшылықтарын пайдалана алады. 

KASE Стартап алаңының міндеттері - стартаптар туралы мәліметтерден дерекқор құру; әлеуетті инвесторлар туралы мәліметтерден дерекқор құру; корпоративтік басқару бойынша оқыту және бастаушы кәсіпкерлерге кеңес беру; ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығу арқылы қаржыландыру алу үшін стартаптарды дайындау. 

Қатысушы ретінде алаңға қолжетімдікке тек жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында ұйымдасқан стартап-компаниялардың ие болуға мүмкіндігі бар, әрі компанияда ең кемі өз жобасын іске асыру нәтижесінің прототипі болуы тиіс. Сөйте тұра, стартап-компанияға төмендегі критерийлердің біріне сәйкес келу жеткілікті: KASE-мен сайтты дамыту туралы меморандумға қол қойған Биржаның әріптестерінің бірінде (бизнес-инкубатор) компанияны тіркесе; Компанияның капиталындағы қатысу үлесі 30 пайыздан астам стратегиялық инвестор болса; инвестор ретінде өтінім беру басталғанға дейін кемінде бір жыл бұрын стартап-компанияның қатысушысына айналған инвестициялық қор болса; Компания қаржыландырылатын бағытта сатуды жүзеге асырса. Қабылдау, қолжетімдік рәсімінен өту кезінде ақпаратты ашудың маңызды элементтерінің бірі - алаң ережелеріне сәйкес бизнес-жоспар, презентация немесе мазмұны осы сияқты басқа құжат ұсыну. 

KASE Стартап алаңының қызметі Биржаның «KASE Startup алаңына енуге рұқсат беру ережелері» және «KASE Startup алаңында мәмілелер жасасу және есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже» деген ішкі құжаттарымен реттеледі. 

KASE Startup тұғырнамасымен жұмыс істеуді бастау үшін инвестор https://startup.kase.kz/ интернет-сайтында тіркеу тәртібінен өтуі қажет. Тіркеуден өткеннен кейін инвесторға жеке кабинет ұсынылады, оның көмегімен сауалнама толтырып, тиісті құжаттарды тапсырып, өзі немесе өзінің инвестициялық компаниясы туралы мәліметтерді көрсете алады. Бұл аккредитация рәсімінен өту үшін қажет. 

Өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде KASE толтырылған сауалнаманы және ұсынылған құжаттар пакетін тексереді және жеке кабинет арқылы, сондай-ақ қажет болған жағдайда сауалнамада көрсетілген байланыс тұлғасының электронды мекенжайы арқылы жауап жолдайды және осы сауалнама бойынша ескертулер және / немесе мұндай ескертулердің жоқ екенін хабарлайды. 

Аккредитация KASE-нің сауалнамаға немесе ұсынылған құжаттарға ескертулер жоқ деп хабарлағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жеке кабинеттегі сәйкес қондырғыларды орнатуы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.  

Аккредитация рәсімі аяқталғаннан кейін инвестор стартаптар базасына қол жеткізе алады, сондай-ақ олармен келіссөздерді бастау мүмкіндігін алады. 

-Инвестор ретінде стартап-алаңда тіркелу үшін инвестор болу жолын түсіну керек. Бұл туралы егжей-тегжейлі айтып беріңізші.

-KASE-де бағалы қағаздарды сатып алу үшін жаңа бастап жатқан инвесторға бірқатар негізгі қадамнан өту керек. Бастапқыда инвестициялық процесте көмекші болатын брокерді таңдаңыз. Биржаның сайтында KASE-нің мүшесі болып табылатын брокерлердің тізімін табуға болады, сондай-ақ брокерлер белсендігінің рэнкингін білуге ​​болады. Брокермен сіздің бірлескен серіктестік жұмысыңыздың шарттарын талқылаңыз және KASE-нің қаржы құралдарына инвестициялау кезіндегі әрекеттер стратегиясын құрыңыз. 

Ары қарай таңдалған брокермен келісімшарт жасалады. Брокермен жұмыс істеудің екі нұсқасы бар: әдеттегі брокерлік қызмет көрсету, яғни қаржы құралын таңдау бойынша тәуелсіз шешім қабылдау және брокер шешімді өзі қабылдайтын жол - активтерді сенімгерлік басқаруға беру. 

Қор нарығында жұмыс істеудің негізгі құралы сауда терминалы болып табылады. Брокер компьютерде сауда терминалын орнатуды және қондырғылауды, конфигурациялауды ұсынады. Содан кейін сауда-саттық шотына аударылатын ақшаның қажетті бөлігін жібере аласыз. Орнатылған сауда терминалын, Интернетке қолжетімдік және сауда шотындағы қаражатқа ие бола отырып, бағалы қағаздарды сатып алуға және оларды жеке инвестициялық стратегияға сәйкес қолдануға болады. 

KASE сауда-саттығына тек биржа мүшелері мәртебесін алған қаржы ұйымдары қатыса алады. Жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар өздері олардың клиенттері бола отырып қана, KASE мүшелері арқылы KASE алаңдарында сауда жасай алады. KASE-нің барлық мүшелері брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін Ұлттық Банктің лицензиясына ие және KASE ішкі талаптарына сай келеді. 

-Қазақстандық компанияларға Биржаның эмитенті болу үшін қандай қадамдар жасау керек?

-KASE эмитенті болу үшін компания Биржада листинг процедурасынан өту керек. Листинг - компанияның бағалы қағаздарын KASE-нің ресми тізіміне енгізу тәртібі. 

KASE ресми тізімінің құрылымы 2017 жылдың 1 маусымынан бастап өзгерді және қазіргі уақытта «Негізгі», «Баламалы» және «Аралас» болып үш алаңға бөлінеді. Және олардың әрқайсысының KASE-нің тізіміне енгізу үшін сәйкес болуға тура келетін өз талаптары бар. 

Биржаның «Негізгі» алаңында ірі және тұрақты компаниялардың акциялары мен облигациялары, сондай-ақ банктік депозит сертификаттары айналады. KASE-нің «негізгі» алаңы соңғы үш жылдың әрқайсысында негізгі қызмет түрлерінен түсетін табыстары АЕК-тің 3 000 000 еселік мөлшерінен кем емес және соңғы үш жылдың әрқайсысындағы баланстық валютасы (актив немесе пассив бойынша теңгерімнің жалпы сомасы) АЕК-тің 2 550 000 еселік мөлшерінен кем емес компанияларға арналған. 

Компанияның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне, «Негізгі» алаңына қосу үшін оның қызмет ету мерзімі 3 жылдан кем болмауы керек. Компания қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдануға және аудиторлық ұйымдардың бірінші деңгейі ретінде Биржа мойындаған тізімге кіретін аудиторды тартуға тиіс. 

2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Биржаның «Негізгі» алаңында 87 эмитенттің 302 атаулы бағалы қағазы, оның ішінде 60 эмитенттің 73 атаулы акциясы және 54 эмитенттің 229 атаулы облигациясы саудаланды. 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 2018 жылдың 1 маусымына дейін Биржаның «Негізгі» алаңында 134 102 сату-сатып алу мәмілесі жасалды, бұлар бойынша сауда-саттық көлемі 733,8 млрд теңгені құрады, бұл қайталама нарықта мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінің 93,6 пайызын құрайды.

Биржа шағын және орта бизнестің субъектілері болып табылатын шағын және орташа капиталды компаниялар үшін листинг процедурасын жеңілдету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Мұндай компаниялар үшін листингтік талаптарды ғана емес, сонымен қатар листингтік алымдарды, сондай-ақ ақпаратты ашу талаптары төмендетілген бөлек «Баламалы» алаң құрылды. Компаниялардың бағалы қағаздарын Биржаның ресми тізіміне, «Баламалы» алаңға қосу үшін де халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын қолдану және Биржа мойындайтын аудиторлық ұйымдардың тізімінде тұрған аудиторды тарту керек. 

2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша «Баламалы» алаңда 58 эмитенттің 70 атаулы бағалы қағазы, оның ішінде 46 эмитенттің 48 атаулы акциясы және 16 эмитенттің 22 атаулы облигациясы саудаланды. «Баламалы» алаң жұмыс істеген 12 ай ішінде 14 эмитенттің бағалы қағазы листинг процедурасынан өтті. Баламалы алаңда осы кезеңде 10 406 мәміле жасалды, қайталама нарықтағы сауданың көлемі 43,0 млрд теңгеге жетті немесе қайталама нарықтағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің шамамен 5,5 пайызын құрады. 

KASE құрамындағы «Аралас» алаң мынадай қаржы құралдарын қамтиды: ислам бағалы қағаздары, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары, туынды бағалы қағаздар, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары және мемлекеттік бағалы қағаздар. 2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша «Аралас» алаңда 25 эмитенттің 267 атаулы бағалы қағазы саудаланды. 2017 жылдың 1 маусымынан 2018 жылдың 1 маусымына дейін «Аралас» алаңда жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 132 мәміле жасалды, бұл тек 0,8 пайызды құрайды. 

-Биржаның қаржылық құралдарының көмегімен компаниялар өз бизнесін дамыту үшін қаржыландыруды қалай тарта алады?

-Компания үшін KASE-де қаржыландыруды тартудың негізгі құралдары - акциялар мен облигациялар, оның ішінде өтеу мерзімі бір жылға дейінгі коммерциялық облигациялар. KASE-дегі листинг компанияның бағалы қағаздарын бизнесті дамыту үшін қаржыландыруды тарту арқылы бірқатар артықшылықтар береді. 

Мысалы, KASE алаңдарындағы листингтік компаниялар акцияларды орналастыру арқылы қаражат алу үшін банктік несиелермен қамтамасыз етуді талап етпейді, өтеу міндеттемесі жоқ, жай акциялар бойынша дивидендтерді акционерлер төлейді, борыштық жүктеме төмендейді және бизнесті нарықтық бағалау жүргізіледі. Облигацияларды орналастыру кезінде компания кепілдікті талап етпейді, қаржыландырудың айтарлықтай көлемін тартуға, мемлекеттік несие тарихын құруға және инвесторлық базаны әртараптандыруға мүмкіндік бар, ал кредиторлардан салыстырмалы тәуелсіздік бар. 

Листингтік компания инвесторлар үшін түсінікті, ақпаратқа қолжетімді және көрінетін болады. Теңгемен қаржыландыруды тарту компанияға валюталық тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа, қаржыландыру көздерінің саны арта түседі және компания ақшалай қаражаттардың ағындарын тиімдірек басқара алады. Сонымен бірге, компания акцияларды орналастыру немесе облигациялар шығару арқылы қаржыландыруды тартудың оңтайлы жолдары мен шарттарын, пайыздық ставкалардың өтеу нормаларын және өтеу схемаларын анықтайды. Компания жаңа серіктестер іздеуге көмектесетін инвесторлардан, тұтынушылардан және жеткізушілерден сенім мен имиджді арттырады. Компанияда корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін енгізу капиталдың қолжетімдігін арттырады және оның тартылу құнын төмендетеді. 

Жергілікті road-show өткізгенде, кеңесшілер мен орналастыруды ұйымдастырушылардың қызметтеріне арналған шығындар сыртқы нарыққа қарағанда айтарлықтай төмен болады. Биржада бағалы қағаздардың айналысы қазақстандық эмитенттер үшін түсінікті құқықтық негізде жүзеге асырылады, сондықтан тәуекелдерді және заңдық қолдау шығындарын азайтады. Сондай-ақ, Биржадағы облигацияларды немесе IPO-ны орналастыруды жоспарлап отырған листингтік компанияларға да ақпараттық қолдау көрсетеді. 

Қазіргі уақытта кез келген компанияның өкілдері, оның ішінде KASE-де тізімге енгізілгендер, компаниялардың иелері мен басқарушылары, даму институттарының қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар компаниялардың қаржы ағындарын басқаруға арналған қор нарығының құралдарын практикалық қолдану бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес оқытудан өте алады. Бұл білім беру бағдарламаларының мақсаты қор нарығында қаржыландыруды тартатын компаниялардың санын арттыру. Бұл шаралар ел экономикасының түрлі салаларындағы болашағы зор жаңа компаниялардың алдағы жылдарда Биржада пайда болуын қамтамасыз етеді деп күтіледі. 

-Сұхбат үшін алғыс білдіреміз!

Похожие материалы