Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KASE-де Газпром мен Аэрофлот акциялары сатылады

KASE-де Газпром мен Аэрофлот акциялары сатылады

Қазақстандық қор биржасында ресейлік компанияның акциялары пайда болады. Бұл туралы "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясының бас директоры Тимур Тұрлов хабарлады деп жазады LS.

"Фридом Финанс" 7 ресейлік компанияның акцияларына листинг жүргізуге рұқсат алған. KASE компанияға аталған құнды қағаздар бойынша маркетмейкер статусын бекітті.

Қор биржасында енді "Аэрофлот", ВТБ Банкі, "Газпром", "Магнит", "Ростелеком", Сбербанк Ресей және "Уралкалий" ресей әуежелісінің құнды қағаздарын сатып алып, сатуға болады. Акциялардың өтімділігі Мәскеу биржасындағы бағаларға тікелей байланысты және қазіргі курс бойынша теңгеге ауыстырылып отырады.

Акцияларды кез-келген көлемде сатып алып, сата беруге болады. Сауда 2016 жылдың 15 сәуірінен басталады.

"Біз бұл қадамды Қазақстанның қаржы нарығын дамыту үшін және Ресеймен интеграцияны күшейту үшін жасап отырмыз. Қазақстандық инвесторлардың географиялық жақындығына және орыс тіліндегі ақпараттың қолжетімділігіне байланысты ресейлік құнды қағаздарға қызығушылықтары бар. Енді KASE-де жұмыс істейтін барлық инвесторларға ресейлік нарықпен тікелей байланысу мүмкіндігін бердік. Жергілікті брокерлік компаниялар арқылы теңгемен есептеп, барлық қазақстандық салық жеңілдіктерін пайдалана алады", -деді Тимур Тұрлов.

"Фридом Финанста" атап өткендей, акция иелері тек құнды қағаздар өсіміне ғана емес тоқсан сайын беріліп отыратын дивиденттерден де табыс таба алады.

Похожие материалы