Экономика
Авто
Алина Алдамберген KASE-ні басқарады
KASE Қазақстан қор биржасы Директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылғы 08 ақпаннан бастап үш жыл өкілеттік мерзімімен KASE басқармасының төрағасы болып Алина Алдамберген Өтемісқызы сайланды.
Бұдан бұрын А.Ө. Алдамберген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына Финанс" ЖШС бас директоры, ҚР қаржылық нарық және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болған, "ДАБ "ABN AMRO Банк Казахстан" АҚ-да және басқа да екінші деңгейлі банктерде басшылық орындарда жұмыс атқарған. Әр жылдары А.Ө. Алдамберген KASE Директорлар кеңесінің құрамында болған және тәуелсіз директор қызметін де атқарған.
А.Ө. Алдамберген 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын үздік бітірген, 2007 жылы Рочерстер университетінің Е. Саймон Уильям атындағы Іскерлік Әкімшілендіру мектебін аяқтаған.
Қазіргі уақытта KASE Басқармасы бес адамнан тұрады: А. Ө. Алдамберген (төраға), Сәбитов И.М. (төраға орынбасары), Цалюк А.Ю. (төраға орынбасары), Хорошевская Н.Ю. (төраға орынбасары), Тұрғұлова А.С. (даму жөніндегі директор.
Фото: kdb.kz