Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкер Серікбай Бисекеевтің «Бәрі де өз қолыңда» атты кітабының тұсаукесері өтті

Кәсіпкер Серікбай Бисекеевтің «Бәрі де өз қолыңда» атты кітабының тұсаукесері өтті

«Даму» Қоры директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры, қазақстандық кәсіпкер және ментор Серікбай Бисекеевтің «Бәрі де өз қолыңда» кітабы мен «Жетістікке жету күнделігінің» тұсаукесері өтті. Бұл туралы "Даму" қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Оның өмір жолы Қостанай облысындағы Қамысты ауылынан басталды. Бүгінде ол – өнімі бүкіл әлем бойынша ірі корпорациялар тарапынан сұранысқа ие халықаралық холдингтің иесі. Ресейде өткен «Жыл кәсіпкері – 2012» конкурсында жеңімпаз атанды. Серікбай Бисекеевтің өмір жолы – шын ниеті, талабы болса, әрбір адамның барлық мақсатына қол жеткізе алатынының куәсі.

- «Бәрі де өз қолыңда» деп аталатын ғұмырнамалық кітабымда мен өзіме табысты кәсіпкерге, еркін әрі бақытты адамға айналуға көмектескен өмірлік ұстанымдарды топтастырдым. Онда оқырманмен ашық әңгімелесіп, өз қателіктерім туралы бүкпесіз жайып салдым. Жетістікке жетудегі құпияларыммен бөлісіп, іс жүзінде қолдануға жарайтын кеңестер бердім. «Жетістікке жету күнделігін» 12 жасымнан бастап толтырып келе жатырмын. Онда мансап, бизнес, отбасы және т.б. сияқты өмірінің маңызды салаларында тепе-теңдікті сақтаудың тәсілін жазып отырдым. Кітабымен және күнделігімен оқырмандарды жетістікке жетуге қанаттандырып, өз күштеріне деген сенімдерін нығайтпақшымын. Әрбір адамның өзін-өзі дамытып, өмірден өз орнын тауып, ешнәрсеге қарамастан, бақытты бола алатынына сенімдімін. Бұл жолда білім мен біліктілік, армандау және алға мақсат қою, табандылық пен нақты жоспарлау көмектесері сөзсіз,- дейді Серікбай Бисекеев.

Серікбай Бисекеев – Arman Holding компаниялар тобының негізін қалаушы және президенті. Бүгінгі таңда оның кәсіпорны энергетика және телекоммуникациялар саласындағы интеграциялық шешімдердің халықаралық өндірушісі және жабдықтаушысы болып табылады, сондай-ақ кәсіпорынның Қазақстанда, Ресейде, Сингапурда, Германияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Үндістанда өкілдіктері мен өндіріс орындары бар.

1994 жылы Серікбай Ленинград Политехникалық институтын бітірді. Коммерциялық қызметпен студент кезінде-ақ айналыса бастаған. Дәл сол жылы Ресейде GSM стандартты ұялы телефондарды сату бойынша өзінің алғашқы бизнесін құрған.

2012 жылы Серікбай Бисекеев халықаралық Ernst & Young аудиторлық-консалтингтік компаниясының тұжырымы бойынша B2B аталымында Ресейдегі «Жыл кәсіпкері» атанды.

2013 жылдың маусымында Серікбайға «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша Вице-президенті мәртебесі берілді.

2014 ж. шілдесінен бастап «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, 2015 ж. маусымынан бастап «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ тәуелсіз директоры болып табылады.

«Бәрі де өз қолыңда» кітабы мен «Жетістікке жету күнделігін» оқырмандар «Меломан» дүкендері желісінен сатып ала алады немесе оларға www.postmaster.kz сауда алаңы («Қазпошта» АҚ) арқылы тапсырыс бере алады.

Похожие материалы