
Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың 1 сәуірінде өткен «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы KASE хабарлайды.
Шыңғыс Рахметов Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Сондай-ақ, Гүлнар Қойайдарова «Kaspi Bank» АҚ-тан кеткені белгілі болды. Ол директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.
Қазіргі таңда «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді: Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе, Шыңғыс Рахметов.
Айта кетейік, Kaspi.kz акцияларының 61,64%-ы Вячеслав Кимге, Михаил Ломтадзеге - 8,58% және Asia Equity Parthers Limited – 29,67%-ы тиесілі.