Қостанай облысы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Мәжіліс депутаты Константин Авершин еріктілер мен кәсіпкерлер Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге алғаш көмек қолын ұсынған компаниялардың бірі Magnum желісі болған.
«Қажетті гуманитарлық заттар салынған екі фура жібердік. Оның ішінде, санитарлық-гигиеналық заттар, жылы көрпелер, орамал, азық-түлік бар. Бұзылмайтын заттар», – деді депутат.
Өрттен 200-ге жуық отбасы зардап шеккен. Kaspi.kz компаниясы зардап шеккендердің несиесін кешіреді.
«3 қыркүйектен Маржан Елшібаевамен (Kaspi.kz атқарушы директоры - еск.) байланыстамыз және ол несие кешірілетінін айтты. Компания бұл туралы жариялағысы келмеді, бірақ олардың қолдауын атап өткен жөн деп ойлаймын. Мендегі ақпарат бойынша, Kaspi.kz тағы да көмек көрсетпек, енді тек жергілікті биліктен жауап күтіп отыр», – деді ол.