Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi.kz Ресейде жүрген Қазақстан азаматтары жиі қоятын сұрақтарға жауап берді

Kaspi.kz Ресейде жүрген Қазақстан азаматтары жиі қоятын сұрақтарға жауап берді

Mastercard пен Visa төлем жүйелері Ресейде өз жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты Kaspi.kz қазір Ресейде жүрген Қазақстан азаматтарының жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.

1. Ресейдемін, менің қазақстандық Mastercard пен Visa карталарым бар, мен не істеймін?

Жуық арада картадан өзіңізге жететін қолма-қол ақша шешіп алыңыз. Visa шешімнің 10 наурызда күшіне енетінін ескертті, бірақ оны ертерек өшіруге құқығы бар және сіз аталған карталарды Ресейде пайдалана алмайсыз.

2. Менің қазақстандық Mastercard пен Visa карталарым әлемнің басқа елдерінде жұмыс істей бере ме?

Иә. Шектеу тек осы карталарды Ресейде пайдалануға қатысты. Бұл шектеу Қазақстанда немесе кез келген басқа елде шығарылған карталарға қолданылмайды.

3. Ресейлік банктердің карталарына Қазақстанда ақша аудара аламын ба?

Жоқ. Mastercard пен Visa төлем жүйелерінің Ресейдегі жұмысының тоқтатыла тұруына байланысты ресейлік банктердің карталарына аударымдар қолжетімсіз болады. Бұл шектеу тек ресейлік банктердің карталарына жасалатын аударымдарға қолданылады. Сіз әлемнің басқа банктеріндегі карталарға бұрынғыдай ақша аудара бересіз.

4. Ресейлік картадан қазақстандық Visa мен Mastercard картасына ақша аударымдарын ала аламын ба?

Жоқ. Visa мен Mastercard төлем жүйелерінің Ресейдегі жұмысының тоқтатыла тұруына байланысты ресейлік банктердің карталарынан басқа елдерде, оның ішінде Қазақстанда шығарылған карталарға аударымдар қолжетімсіз.

5. Маған Қазақстанға билет сатып алу керек? Не істеймін? Кері қайту билеттерін Сіз Kaspi.kz қосымшасынан Kaspi Travel сервисі арқылы сатып ала аласыз.

Похожие материалы