Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi.kz жамбылдық дәрігерлерге 10 жедел жәрдем көлігін сыйлады

Kaspi.kz жамбылдық дәрігерлерге 10 жедел жәрдем көлігін сыйлады

Бүгін Таразда  Kaspi.kz компаниясы облыстық жедел жәрдем стансасына 10 жедел жәрдем көлігін тарту етті. 

Жиынға денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов қатысып Kaspi.kz басшылығына өңір тұрғындары атынан алғысын білдіріп, жергілікті дәрігерлерге көлік кілттерін табыс етті. 

– Бүгінде облыс бойынша 139 бригада жұмыс жасауда. Жедел жәрдем көліктері жоспар бойынша жеткілікті. Алайда елдегі қиын жағдайға байланысты соңғы кездері шақыртулар көп түсіп, мамандар науқастарға дер кезінде жете алмауда. Енді міне демеуші сыйға тартқан 10 жедел жәрдем көлігі жұмысымызға көп демеу болғалы тұр. Бұйыртса, алдағы уақытта демеушілеріміз тағы 18 жедел жәрдем көлігімен қуантпақ. Сіздерге айтар алғысым шексіз, – дейді Марат Сейтбекұлы.

Айта кетейік, отандық өндіріс орны саналатын «СарыарқаАвтоПром» құрастырған көліктерді науқастарды тасымалдауға қажетті барлық медициналық, санитарлық және бактерицидтік жабдықпен жабдықталған. Атап айтқанда қан құрамындағы оттегі тапшылығын көрсететін пульсоксиметр, дефибриллятор, жүрек соғысын анықтайтын электрокардиограмма, ыңғайлы қоларба да қарастырылған. Шағын көліктер маневрге ыңғайлы. Қала ішіндегі кептелісте жедел жетуге, қажетті орынға қоюға өте қолайлы. 

Бұл республика бойынша үлестірілетін көліктердің алғашқы легі. Бұған дейін Kaspi.kz республика бойынша 100 жедел жәрдем көлігін сыға тартатынын хабарлаған болатын. 

Бүгін Тараздағы шарада айтылғандай Жамбыл облысындағы жедел жәрдем қызметіне тағы 8 көлік беріледі. 

Похожие материалы