Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi Магазин тегін жеткізу қызметін іске қосты

Kaspi Магазин тегін жеткізу қызметін іске қосты

Kaspi Магазин тегін жеткізу сервисін іске қосты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тегін жеткізу қызметі былай жүзеге асады. Тұтынушы kaspi.kz сайтындағы Kaspi Магазиннен тауарды сатып алады. Сатып алу сомасы 20 000 теңгеден жоғары болса сатушылар тапсырысты тегін үйіңізге жеткізеді. Егер сатып алу сомасы 20 000 теңгеден кем болса жеткізу құны 1000 теңгені құрайды. Сатып алынған заттардың көбі дәл сол күні немесе тапсырыс бергеннен кейінгі келесі күні жеткізіледі.

«Жақында біз алғаш рет Алматыда тегін жеткізу сервисін ұсынып, сүйікті сатып алушыларымыздың көптеген қуанышты пікірлерін оқыдық. Бүгін біз Қазақстанның көптеген қалаларында тегін жеткізу қызметі қолжетімді болғанын қуана хабарлаймыз. Енді Kaspi Магазин арқылы қазақстандықтар үйге немесе жұмысқа жеткізу қызметі арқылы үздік тауарларды үздік бағамен сатып алады», - дейді Kaspi Bank-тің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе.

Еске салайық, Kaspi Магазин - kaspi.kz онлайн платформасының бір бөлігі, оның көмегімен қазақстандықтар тиімді сатып алып, шоттарды комиссиясыз төлейді, жеке қаржысын басқарып, бонус жинайды.

Похожие материалы