Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi Магазин тегін жеткізу қызметін іске қосты

Kaspi Магазин тегін жеткізу қызметін іске қосты

Бүгін Kaspi Қазақстанның көптеген қалаларында тегін жеткізу сервисін іске қосты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жақында біз алғаш рет Алматыда тегін жеткізу сервисін ұсынып, сүйікті сатып алушыларымыздың көптеген қуанышты пікірлерін оқыдық. Бүгін біз Қазақстанның көптеген қалаларында тегін жеткізу қызметі қолжетімді болғанын қуана хабарлаймыз. Енді Kaspi Магазин арқылы қазақстандықтар үйге немесе жұмысқа жеткізу қызметі арқылы үздік тауарларды үздік бағамен сатып алады», - дейді Kaspi Bank-тің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша сатып алу сомасы 20 000 теңгеден жоғары болған кезде сатушылар Kaspi Магазин сайтында тапсырысты тегін жеткізеді. Сатып алу сомасы 20 000 теңгеден кем болған кезде жеткізу құны 1000 теңгеден аспайтын болады. Сатып алынған заттардың көбі дәл сол күні немесе тапсырыс бергеннен кейінгі келесі күні жеткізіледі.

Kaspi Магазин арқылы қазақстандықтар үздік тауарларды салыстырып, таңдайды және үздік бағамен, үйге немесе жұмысқа жеткізу қызметі арқылы сатып алады.

Kaspi Магазин - әмбебап онлайн kaspi.kz платформасының бір бөлігі, оның көмегімен қазақстандықтар тиімді сатып алып, шоттарды комиссиясыз төлейді, жеке қаржысын басқарып, бонус жинайды. Мұның бәрі кез келген уақытта кез келген орыннан онлайн жүзеге асырылады.

 

Похожие материалы