Экономика
Авто
Kaspi Жұма қайта жалғасты
Алматы. 22 шілде. 7kun.kz - Бүгін таңғы 10-нан бастап Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі іске қосылды. Бұл туралы банктің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.
Айта кетейік, 20, 21 шілдеге жоспарланған Kaspi.kz-тің акциясы Денис Теннің қазасына байланысты уақытша тоқтаған еді.
"Қайғылы күні зат сатып алу мерекесін жалғастыру орынсыз деп есептейміз",- деді хабарлады банк.
Бүгін белгілі болғандай, Kaspi Жұма бүгін және ертең 22:00-ге дейін жалғасады. Айта кетейік, Kaspi Жұма аясында Kaspi Магазиннен кез-келген затты артық төлемсіз, комиссиясыз және пайызсыз 24 айға дейін бөліп төлеуге сатып алуға болады.