Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Каспий құбыр консорциумы 40 млн тонна мұнай экспорттады

Каспий құбыр консорциумы 40 млн тонна мұнай экспорттады

Алматы. 5 қыкүйек. 7kun.kz – Каспий құбыр консорциумы 2018 жылғы қаңтар-тамызда 40,205 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,18 пайызға артық, деп хабарлайды консорциум баспасөз қызметі.

2018 жылдың тамызында мұнай экспорттау көлемі 4,725 млн тоннаны құрады, былтырғы тамызда бұл көрсеткіш 4,416 млн тонна болатын.

Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын транзиттік аймақ ретіндегі Ресей аумағы арқылы экспорттау үшін құрылған. Консорциумның иелігіндегі 1,5 мың шақырымға созылып жатқан «Теңіз - Новороссийск» құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кендерін Қара теңіз жағалауларымен байланыстырады. КҚК 2017 жылы 55,107 млн тонна, яғни 2016 жылғыдан 24,4%-ке артық мұнайды экспортқа жіберген.

КҚК акционерлері: Ресей - 24%, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - 19%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, «КТК Компани» - 7%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% - 20,75%, және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

Похожие материалы