Экономика
Катар министрі мұнайдың қолайлы бағасын атады
Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz – Катарда тұтынушылар мен өндірушілерге бір баррель үшін мұнайдың қолайлы бағасын атады. Бұл туралы Риа новости хабарлайды.
Катардың Энергетика істері жөніндегі мемлекеттік министрі Саада бен Шрида әл-Кааби баға бір деңгейде бекітілуі тиіс деп санайды.
"Менің ойымша, мұнай баррелі үшін $70-80 баға өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де әділ. Мұнайдың бір баррелінің бағасы $70 – тен аз мемлекеттер мен өндірушілердің энергетикалық секторға инвестиция салу мүмкіндіктеріне әсер етпейді", - деді министр конференция кезінде.
Бұған дейін, әл-Кааби 57 жыл ОПЕК-те болған Катар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өндіру көлемінің аздығына және газ өндіруге , сұйытылған табиғи газ өндірісін арттыруға көңіл бөлуге ниет білдіруіне байланысты осы ұйымнан кететінін мәлімдеді.