Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Катар ОПЕК-ке мүше болуды ресми түрде тоқтатты. Бұл туралы ұйымның веб-сайтында хабарланды.
Таяу Шығыс мемлекеті 2019 жылдың 1 қаңтарында ұйымнан кеткен.
«Бұл қазіргі уақытта ОПЕК-ке 14 мемлекет мүше екенін білдіреді», - делінген хабарламада.
Бұл жағдай 1960 жылы ұйым құрылған сәттен бастап Таяу Шығыс мемлекетінің ОПЕК-тен алғашқы шығу болып табылады. Катар оған 1961 жылы кірді.
Еске сала кетейік, Катардың энергетика министрі Саад Шерида аль-Кааби 2018 жылдың желтоқсанында картельден кететінін мәлімдеді. Аль-Каабидің айтуынша, мемлекет табиғи газ өндіруге баса назар аударғысы келеді. Оның айтуынша, 2018 жылдың қазан айында Катарда тәулігіне 600 мың баррель мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш бойынша ОПЕК-те ел 11-ші орын алды.