Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Католик әлеміндегі қара таңба

Католик әлеміндегі қара таңба

Соңғы жылдары Еуропалық БАҚ бетінен дін қызметкерлерінің педофилдік іс әрекеттері туралы жиі оқитын болдық. Соңғысы Ватиканның ең беделді тұлғасының бірі Джозеф Пелл кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жыныстық қатынасқа итермелегені үшін айыпталды. Алайда кардинал тағылған айыпты мойындаудан бас тартты. Бірақ, католик дінінде осындай жағдайлар бұрын-сонды қайталанғанын ескерген қоғам мен БАҚ пікірі «сондай оқиға болған» дегенге жақын. Мұның ақ-қарасын еститін шығармыз. Ал бұған дейін шіркеулерде қандай оқиғалар болып еді? Білетініміз Бостон қаласындағы шіркеу қызметшілері Роджер Махони, Джозеф Веселовскимен байланысты жайт пен Германияның танымал колледжіндегі «ең жеккөрінішті» деген оқиғалар.

Бостон қаласындағы жаппай зорлау оқиғасы

2016 жылы «Көпшіліктің назарында» үздік фильм номинациясы бойынша «Оскарды» жеңіп алды. Фильм шынайы өмірде болған оқиға желісімен түсірілген. 2002 жылы «Boston Globe» газетінің тілшілері бостондық митрополияның кішкентай балаларға жасаған жаппай зорлығын түбегейлі зерттеп, БАҚ-қа жариялады. Мақала жарияланған кезде 87 педофил қызметкердің аты-жөні белгілі болды. Кейіннен 290 дін қызметшісі қамауға алынды. Олар 1950 жылдан 2002 жылға дейін 10 667 педофилдік іс-әрекет жасаған. Зерттеу нәтижесінде шіркеу қызметшілерінің педофилизм секілді жеккөрінішті іспен айналысатынын біліп, оны жасырғаны үшін Бостондағы дінбасы, кардинал Бернард Лоу қызметінен алынып, мақаланы жазып, жариялаған тілшілер «Пулитцер» сыйлығын иеленді.

Роджер Махони

Бостондық оқиғадан кейін тағы да тілшілердің арқасында Лос-Анджелестің кардиналы Рождер Махонидің педофилдік іс-әрекеттері әшкереленді. Ол 1985 жылдан бастап 2011 жылға дейін голливудтың басты католигі қызметін атқарған. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы жылдар аралығында Роджер Махонидің қарамағындағы шіркеу қызметшілерінің 500-ге жуық баланы жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені белгілі болды

Джозеф Веселовски

Джозеф Веселовски 2014 жылы Ватикан қаласында педофилдік әрекеттері үшін қамауға алынды. Бұл папа Францискенің билік жылдарында орын алған ең ірі жанжалды оқиға. Веселовски 2008 және 2013 жылдар аралығында балаларға көрсеткен зорлығы бойынша айыпталды.

Германиядағы иезуиттердің мектебі

2010 жылы Германияда бірден бірнеше ұятты оқиға орын алды. Германиядағы беделді «Канизиус колледжінің» 500-ге жуық түлегі колледждің бүгінгі директоры Клаус Мертесуге хат жазды. Хатта 1970-1980 жылдар аралығында католиктердің студенттерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегендігі баяндалған. Католиктер студенттерге өтемақы ретінде 150 млн евро төлеген.

Енді Джозеф Пеллдың ісі туралы оқып білудеміз. Мұның да ақ-қарасы айтылар күн жақын шығар.

Похожие материалы