Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KAZ Minerals-тың акциялары күрт арзандады

KAZ Minerals-тың акциялары күрт арзандады
Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Қазақстандық биржаның (KASE) өкілетті тізіміне кіретін Kaz Minerals қағаздарының құны төмендеді. 23 қазандағы сауда қорытындысы бойынша эмитенттің баға белгіленімі 6,7%-ға төмендеді.  Күн соңында акция бағасы 2,24 мың теңге деңгейінде қалды. Бұдан бөлек, банк секторының қағаздары арзандады. ЦентрКредит Банкінің акциялары 3,1%-ға төмендеді, ал Халық банкі – 0,4%-ға. Сондай-ақ "ҚазТрансОйл" акциялары бойынша баға біршама өзгерді (-0,8%). Индекске кіретін екі эмитент сауданы сәтті аяқтады. Бұл тізімді KEGOS (+0,1%) және "Қазақтелекомның" (+0,9%) баға белгілемдері құрайды. Жалпы KASE индексі сауда қорытындысы бойынша 1,04%-ға төмендеп, 2202,34 пунктін құрады

Похожие материалы