Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жасалатын қашықтықтан соққы беру жүйелері

Қазақстанда жасалатын қашықтықтан соққы беру жүйелері

Қазақстанның қарулы күштері ТМД аумағында үздіктердің бірі болып саналады. Қазақстан әскерінің қаруы мен техникасының негізгі бөлігі - кеңестік дәуірден қалған, модернизациядан өткен ресурстар, сондай-ақ қарулы күштердің керек-жарағы экспорттың күшімен толығып отырады. Бұған қоса, Қазақстанда жасалған әскери өнімдер де баршылық. 7kun.kz бұл материалда оқырмандарын отандық қару-жарақпен жақынырақ таныстырады.

Кеңес Одағы құлдырағанға дейін Қазақстан аумағында қорғаныс өнеркәсібінің шамамен 50 кәсіпорны орналасқан екен. Бұл кәсіпорындарда танк жабдықтары, ракета жүйелері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және көптеген басқа нәрселер жасалған. КСРО-ның барлық артиллериялық жүйелерінің 11%-ы және жаяу әскердің барлық әскери машиналарының 18%-ы Қазақстанда шығарылған. Қазақстандағы қорғаныс өнеркәсібі орталықтары Петропавл, Орал, Өскемен және Алматы қалалары болған. Айта кетелік жайт, Қазақстанда жасалатын әскери техника Кеңес Одағынан қалған кәсіпорындар негізінде жұмыс істейді немесе шетелдік серіктестердің тәжірибесіне жүгінеді.

"Найза" оқ жаудыру реактивтік жүйесі

1382585382_naiza_l2 "Найза" оқ жаудыру реактивтік жүйесі (ОЖРЖ) Қазақстанда 2008 жылдан бері шығарылып келеді. Бұл жүйені Израильдің "Israel Military Industries" компаниясы әзірлеген. Шығарылатын жері - Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Қазіргі кезде Қазақстанның қарулы күштерінде бұл техниканың 380 бірлігі бар. Алғашқы екі машина әскерге 2008 жылдың қарашасында берілді. "Найза" ОЖРЖ - көп калибрлі жүйе. Ол оқ-дәрінің бірнеше түрлі типтерімен оқ жаудыра алады:
  • 122-мм "Град";
  • 220-мм "Ураган";
  • 240-мм "EXTRA" (Extended Range Artillery tactical-range artillery missile);
  • 300-мм "Super EXTRA";
  • "Далила" қанатты ракеталары (IMI Delilah)
Қолданылатын снарядтарға байланысты оқ жаудыру ұзақтығы өзгешеленеді (13 - 180 км). "Найза" ОЖРЖ автоматтық басқару жүйесімен және C2 бұйрық беру жүйесімен жабдықталған. Бір ОЖРЖ құны - шамамен 600 мың АҚШ доллары.

"Айбат" минометі

1382673258_624764_original"Айбат" өздігінен жүретін минометі Қазақстанда 2008 жылдан бері шығарылып келеді. Бұл жүйені Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен Израильдің "Soltam Systems" компаниясы әзірлеген. Шығарылатын жері - Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Қазіргі кезде Қазақстанның қарулы күштеріне бұл техниканың 560 бірлігі берілген. "Айбат" Израильдің Cadrom ("Қанжар" деген мағынаны білдіреді) 120-миллиметрлік минометінің негізінде жасалады. Ол БМП-1 жаяу әскер машинасының шассиіне немесе МТЛБ жеңіл құрышпен қапталған көп мақсатты тартқышына орналастырылады. Модернизация минометтік есепті 7 адамнан 4 адамға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Құрамында C2 бұйрық беру және оқ жаудыруды басқару жүйесі және инерциялы навигациялық жабдығы бар. Бұлардық қолданылуы оқ жаудыруға дайындық уақытын 30 секундқа дейін қысқартып, бірінші реттен-ақ дәл тию ықтималдығын жоғарылатады. Жүйе минутына 16 рет атуға мүмкіндік береді.

"Семсер" артиллериялық қондырғысы

1313381943_showimage "Семсер" өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы Қазақстанда 2008 жылдан бері шығарылып келеді. Бұл жүйені де Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен Израильдің "Soltam Systems" компаниясы әзірлеген. Шығарылатын жері - Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Қазіргі кезде Қазақстанның қарулы күштеріне бұл техниканың 160 бірлігі берілген. Қондырғы - 122-мм Д-30 гаубицасы. Ол КАМАЗ-63502 жүк көлігінің шассиінің айналмалы платформасына орналастырылады. "Семсер" C41 НАТО стандартындағы оқ жаудыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған. Электрондық жағынан қондырғы GPS және ГЛОНАСС жүйлеріне және аға офицерден мәліметтерді қабылдайтын компьютерге ие. Снарядтардың бір жиынтығы 80 рет атуға жетеді.

"Точка" ракеталар кешені

HoV3gZwe0w55dY7RhCx0dN2h9GOI7n "Точка" тактикалық ракеталар кешені  Петропавл ауыр машина жасау зауытында сериялық негізде 1973 жылдан бері шығарылып келеді. Кешеннің жасалу технологиясы Кеңес Одағынан бері сақталып қалған. Мұндай ракеталар кешенін Ресей де шығарады. Қазақстан қарулы күштерінде қазіргі кезде осындай 45 кешен бар. Ату ұзақтығы - 15 - 120 км. Ракетаның ұшу траекториясының биіктігі - 6-26 км. Ең алшақ нүктеге дейінгі ұшу уақыты - 163 секунд. Ракетаның ұзындығы - 6410 мм. Ракетаның бастапқы массасы - 2010 кг. Экипаж - 3 адам. Бұл жолы біз алыс қашықтықтан соққы беру жүйелерімен таныстық. Қазақстанда бұған қоса әскери көліктер, электронды-оптикалық аспаптар, тікұшақтар, теңіз қорғанысын қамтамасыз ететін кеме мен қайықтар шығарылады. Бұл техникаға алдағы уақытта шолу әзірлейміз. Суреттер military-today.com, topwar.ru және yvision.kz сайттарынан алынды. Дайындаған Алмас Өтебай "7"

Похожие материалы