Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық үлкейіп барады

Қазақстанда байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық үлкейіп барады

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда байлар кедейлерге қарағанда 5,9 есе көп табыс табады. Табыс алшақтығының ең үлкен көрінісін ШҚО, СҚО мен Қарағанды облыстарынан байқауға болады. Бұл туралы Ranking сараптама агенттігі хабарлады.

2017 жылдың І тоқсанындағы деректерге сүйенсек, Қазақстанда байлар мен кедейлердің табысындағы айырмашылық үлкейіп келеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 5,7 есе болған.

Биыл дәулетті қазақстандықтардың табысы әл-ауқаты нашар азаматтарға қарағанда тез өсіп жатыр. Мысалы, байлардың табысы 10,9 пайызға өссе, кедейлердің табысы 7,5 пайызға ғана өскен.

Нәтижесінде ең бай қазақстандықтардың 10 пайызы табысы жағынан күнкөрісі ең төмен азамттардың 40 пайызынан асып түседі.

Сонымен бірге, табыс айырмашылығы аз аумақтарға Маңғыстау облысын (табыс алшақтығы 2,9 есе), Астана (табыс алшақтығы 2,9 есе) мен ОҚО (табыс алшақтығы 4,13 есе) жатқызуға болады.

Похожие материалы