Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық ірі компаниялар 2019 жылға қарай жекешелендіріледі

Қазақстандық ірі компаниялар 2019 жылға қарай жекешелендіріледі

Астана. 11 мамыр. 7kun.kz - Елдің ірі компаниялары – «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» 2019 жылдан кешіктірілмей жекешелендіріледі. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

Мұны қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Кипрде өткен Еуропалық қайта құру және даму банкінің жыл сайынғы жиналысы аясында мәлімдеді.

«Үш компанияның акциялары IPO арқылы сатылады», – дейді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда 120-дан астам шағын және орта компания жекенің қолына өтіп үлгерді. Қазіргі уақытта ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Похожие материалы