Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Казком мен Халық банктен қолма-қол ақша алуда қиындықтар туындады

Казком мен Халық банктен қолма-қол ақша алуда қиындықтар туындады

Алматы. 20 шілде. 7kun.kz - Qazkom мен Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақша алуда қиындықтар туындап жатыр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өкінішке орай, халық жалақы мен зейнетақы алатын күндері кейбір банкоматтарда қолма-қол ақша бітіп қалады. Жалпы, банктер мен тұтынушылар үшін есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі тиімдірек және біз мұны белсенді түрде насихаттап жатырмыз. Қазіргі уақытта шамамен төлемдердің төрттен бір бөлігін ақшасыз транзакциялар құрайды. Дамыған елдермен салыстырғанда, бұл аз көрсеткіш, алайда басқа қазақстандық банктермен салыстырсақ, айтарлықтай жоғары нәтиже. Айналымдары өсіп жатқан Алматы қаласында 500 банкомат бар. Шілде айында Казкоммерцбанк банкоматтарынан 185 млрд теңге қолма-қол алынған. Оның ішіндегі 40 млрд теңгені басқа банк тұтынушылары алған", -  дейді Казкомның басқарушы директоры Нұрлан Жағипаров.

"Халық банкте 7,5 млн, ал Казкомда 5,5 млн тұтынушы бар. Қазақстан халқы 18 млн, оның 9 миллионы - еңбекке қабілетті. Екі банктің тұтынушылар базасы - мемлекеттегі ең үлкені. 2017 жылдың маусымында барлық банктердің банкоматтары 700 млрд теңге ақшалай берген. Халық банк - 330 млрд, Казком - 185 млрд, ал бұл жалпы шығарылымның 80 пайызы", - дейді Халық банк басқарма төрағасының орынбасары Марат Әлменов.

Похожие материалы