Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк акциялары KASE индексінен алынып тасталады

Қазкоммерцбанк акциялары KASE индексінен алынып тасталады

Қазкоммерцбанк акцияларының Қазақстан қор биржасындағы (KASE) индексі акциялар тізіміндегі өкілеттілігінен алынып тасталады.  Бұл туралы LS хабарлайды.

Бұл шешімді 2015 жылдың 15 қазанында Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті қабылдады. Басты себеп, осы жылдың соңғы екі тоқсанында Қазком бағалы қағаздарының өтімділігі айтарлықтай төмендегені болды. Қаулы осы жылдың 1 қарашасынан күшіне енеді. "Банк бағалы  қағаздарының құны алдыңғы сауда-саттық аптада өзгеріссіз қалды. Қазком акцияларының бағасы  жыл басынан бері 36,53%-ға төмендеген. 390 теңгеден (05.01)  247,52 -ге (16.10) дейін. Бағалы қағаздардың негізгі қор нарығына әсер ету көрсеткіші өте төмен. Сондықтан бұл жағдайда, KASE индексінен елеулі өзгерісті күтудің қажеті жоқ",-деді «Асыл-Инвест» сараптама департаментінің директоры Айвар Байкенов.

Похожие материалы