Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк «БТА Секьюритис» пен «АлемКард»-ты сатып жіберді

Қазкоммерцбанк «БТА Секьюритис» пен «АлемКард»-ты сатып жіберді

Алматы. 12 шілде, 7kun.kz - «Казкоммерцбанк» АҚ БТА Банкке тиеселі «БТА Секьюритис» АҚ мен «АлемКард»» ЖШС сатып жіберді. Бұл туралы банктің сайтында жарияланды.

«Қазкоммерцбанк пен «БТА Банк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «БТА Секьюритис» АҚ-ы акцияларының 100 пайызы және «БТА Банк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «АлемКард»» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлесі сатылғандықтан аталған ұйымдар тізімінен шығарылып тасталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «АлемКард» ЖШС БТА банктің еншілесі болып келген. Ол «АлемКард» ЖШС төлем карталарын қолдану арқылы транзакцияларды орталықтандырылған өңдеу мен жинау қызметін ұсынатын. Ал «БТА Секьюритис» АҚ инвестициялық қызмет көрсетумен айналысып келді. 2012 жылға дейін табысты қызмет атқарып келген компанияның одан бергі қызметі туралы ақпарат аз.

Екі компанияны кімнің сатып алғаны туралы ақпарат жоқ.

Похожие материалы