Экономика
Выбор редактора
Казкоммерцбанк пен БТА Банк деконсолидация туралы хабарлайды
«БТА Банк» АҚ (БТА) банк лицензиясын өткізген соң және банктердің арасында активтердің ауысуы аяқталғаннан кейін «Казкоммерцбанк» АҚ БТА-ны басқару ісін өзінің ірі акционерлеріне табыстады және 2015 жылғы 30 маусымнан бастап БТА-ны өзінің шоғырландырылған қаржы есебінен алып тастады. Бұл туралы «Қазкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
ККБ директорлар Кеңесінің мүшесі Нина Жүсіпова БТА-ның директорлар Кеңесінің құрамына шықты. Сонымен қатар ККБ-ның өкілдері Асқарбек Нәбиев, Ляззат Сәтиева, Айгерым Жапарова БТА Басқармасының құрамынан, ал БТА басқармасының жанындағы комитеттердің құрамына кірген ККБ-ның бірқатар қызметкерлері БТА-ның штатынан шықты.
Сондай-ақ, ККБ-ның директорлар кеңесі Басқармаға ККБ-ға тиесілі БТА-ның (БТА-ның жай акциялардан 94,8368% құрайтын) жай акцияларын тәуелсіз бағалаушы белгілеген және «fairness opinion»-мен расталған әділ нарықтық баға бойынша бойынша сату туралы ұсынысты дайындауды тапсырды.
Аталған ұсынысты жүзеге асыру мезгіліне дейін ККБ-ға меншік құқығы бойынша тиесілі БТА акциялары (94,8368%) келесідей үлестірілді:
– ККБ-ның ірі акционерлерінің (ККБ-ның жай акцияларының жиынтығы 96,73% құрайтын) үлесіне тиесілі акциялардың бір бөлігі – БТА акцияларының 91,7356% - ККБ акционерлерінің мүдделеріне сәйкес өз білгенінше осы акциялар бойынша дауыс беру тең үлесімен Банктің ірі акционерлері Н.С.Сұбханбердин және К.Х.Ракишев мырзалардың дауыс беру құқығымен Банкке сенімгерлік басқаруға берілді.
– ККБ миноритарлық акционерлердің үлесіне (ККБ жай акцияларының жиынтығы 3,27% құрайтын) тиесілі акциялардың бөлігі БТА акцияларынын 3,1012%-ы – сенімгерлік басқаруға берусіз ККБ-ның меншігінде қалды.
Барлық дайындық шараларды орындаған соң ККБ өзінің барлық акционерлеріне Банкпен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес БТА-ның акцияларын сатып алу туралы ресми ұсынысты жасайтын болады.
Деконсолидация 2014 жылғы 26 желтоқсанда қос банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы мақұлдаған ККБ мен БТА арасында интеграция жобасының соңғы кезеңі болды.