Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KazTransOil-дың таза табысы 15 пайызға азайды

KazTransOil-дың таза табысы 15 пайызға азайды

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың І жартыжылдығында ҚазТрансОйлдың таза табысы 32,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл көрсеткіш 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 15 пайызға аз. Өткен жылы табыс көлемі 38,5 млрд теңге болған.

Ал компания түсімі болса, 104,4 млрд теңгеден 107,6 млрд теңгеге (3,1%) дейін артты.

2017 жылдың қаңтар-маусымындағы жалпы табыс 34,1 млрд теңгеге дейін (15%) төмендеді. Операциялық табыс болса 20,9 пайызға азайды (43,1 млрд теңгеден 34,1 млрд теңгеге дейін). Салық төлемі алынғанға дейінгі табыс 9,5 пайызға қысқарды.

2017 жылдың 30 маусымындағы мәліметтер бойынша, компания активтері 706,1 млрд теңгеге теңесті. Жыл басында бұл көрсеткіш 744,9 млрд теңге болған (5,2%).

Ал капитал болса 560,3 млрд теңгеге дейін (4,6%) қысқарды.

Похожие материалы