Нұр-Сұлтан. 28 мамыр. 7kun.kz - kaztube.kz видеопорталы аукционда сатылады. Бұл туралы gosreestr.kz сайтнда жарияланды.
Порталдың бастапқы бағасы 99,9 млн теңге. Сауда-саттық бағаны төмендету негізінде, шекті көлемі 33,3 млн теңгеге дейін жүреді. Аукционға қатысу үшін 4,9 млн теңге кепілді жарна төлеу керек. Аукцион 6 маусымға жоспарланған.
Қазіргі кезде жобаның иесі «Қазконтент» АҚ. Видео портал 2009 жылы іске қосылған. Сатылым сипаттамасында айтылғандай порталға жылына 5 млн адам кіреді.