Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Www.kaztube.kz видеопорталын gosreestr.kz сайты арқылы сату мүмкін болмады. Себебі сауда-саттыққа тек бір адам қатысты.
Сауда басталған бастапқы баға 99,9 млн теңгені құрады.
Сауда-саттыққа қатысу үшін 4,9 млн теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет болды. Сауда-саттық төмендеумен өткізілді. Бұл ретте аукцион барысында қол жеткізуге болатын ең төменгі баға -33,3 млн теңге.
Қазіргі уақытта сайттың иесі - "Казконтент"АҚ.
«www.kaztube.kz видеопорталы – бұл бүгінгі таңда ең көп қаралатын қазақстандық интернет-ресурстардың бірі. Әр түрлі жастағы пайдаланушылар күн сайын бейне, аудиоконтентті қарап, тыңдайды және оқиды, сонымен қатар өз роликтерін порталға жүктейді. Басты артықшылығы - портал эксклюзивті отандық контентті қолдайтын, сондай-ақ Интернетте мемлекеттік тілді дамытуға ықпал ететін ресурс ретінде өзін ұстанатыны. Порталға жылына 5 млн-нан астам пайдаланушы кіреді", - делінген бағалау туралы есепте.
Еске сала кетейік, www.kaztube.kz порталы 2009 жылдың сәуір айында құрылды.