Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kcell 2014 жылдың барлық табысын дивиденд төлеуге бағыттамақ

Kcell 2014 жылдың барлық табысын дивиденд төлеуге бағыттамақ

Қазақстандық Kcell ұялы байланыс опрераторының директорлар кеңесі 2014 жылдың дивидендтерін төлеу үшін 28,260 млрд теңгені бағыттауды ұсынды, бұл сомма таза пайданың 100% қамтиды деп хабарлайды компания.

Компанияның директорлар кеңесі 2014 жылдың 31желтоқсанында аяқталған он екі ай ішіндегі копанияның таза табысының 70% көлеміндегі жылдық дивидендтерді төлеуді ұсынды, сонымен қатар 30% көлеміндегі арнайы дивидендті төлеу туралы қосымша ұсыныс айтылды.

Дивидендтерді алу құқығына ие акционерлер реестрін жабудың ұсынылып отырған мерзімі - 2015 жылдың 20 сәуірі.

Компанияның ақпаратына сүйенсек, 2015 жылдың 17 сәуірінде өтетін акционерлердің жалпы жиналысында бұл ұсыныстар мақұлданған жағдайда жылдық дивиденд 2015 жылдың 15 мамырына дейінгі кезеңде төленеді, ал ұсынылып отырған қосымша девидендтің төлену мерзімі - 2015 жылдың 30 қазаны дейінгі мерзім.

Похожие материалы