Алматы. 11 шілде. 7kun.kz - Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Лондон қор биржасындағы (LSE) Kcell ұялы операторының акциялары арзандады.
10 шілдедегі сауда нәтижесі бойынша, отандық сауда алаңында баға 1320 теңгеге (-4,3%) дейін төмендеді. Ал LSE-де баға түсімі 1,39 пайыз болды.
Сонымен қатар үш эмитент қымбаттады. Ең жоғары өсім Халық банкте 1,8 пайызды құрады. Одан кейін "Қазақтелеком" (1,5%) және KAZ Minerals (0,9%) акциялары қымбаттады.
Ал KEGOC-тың бағалы қағаздарының құны 0,5 пайызға арзандады. Қалғандарының құны еш өзгеріссіз қалды.
Жалпы 10 шілденің қорытындысы бойынша, KASE индексі 0,49 пайызға төмендеп, 1684,32 пункті құрады.