Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kcell-дің төрағасы және басқарма мүшелері тағайындалды

Kcell-дің төрағасы және басқарма мүшелері тағайындалды

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың 19 маусымында Кселл акционерлерінің жалпы жиналысында басқарма төрағасы мен мүшелері тағайындалды. Бұл туралы KASE хабарлайды.

Құжатқа сәйкес басқарма төрағасы болып Каспарс Кукелис (бас атқарушы директор) тағайындалды, ал басқарма мүшелері болып Асқар Есеркегенов және Сергей Ельцов тағайындалды. Басқарма төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың бірінші тоқсанында «Кселл» АҚ-ның таза сатылымы 3,3% -ға, ал қызметтерден түсетін табыс 1,8% -ға төмендеді. Оператор болашақта өсу үшін операциялық және қаржылық көрсеткіштерді тұрақтандыруға назар аудармақ.

Похожие материалы