
Лондон қор биржасында (LSE) отандық бағалы қағаздардың құны төмендеп кетті деп хабарлайды LS.
7-қаңтардың қорытындысы бойынша, Kcell ұялы байланыс операторының сауда алаңындағы бағасы 11,94 пайызға төмендеген. Сауда-саттықтың жабылу сәтіндегі бағасы 2,95 доллар болды. Осылайша акция құны 2013 жылдың қаңтарынан бері 73,3%-ға арзандаған.
Құны төмендегендердің ішінде KAZ Minerals (-5,56%), «ҚазМұнайГаз» өндіру-шығару (-4,04%) және Халық банк (-1,03%) бар.
Фото:Reuters