Kcell мен KazTechInnovations IoT саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz – «Кселл» және KazTechInnovations интернет заттар жобалары бойынша ынтымақтастықты анықтайтын меморандумға қол қойды.
Атап айтқанда, компаниялар ауыл шаруашылығы, технология, география және қадағалау, коммуналдық шаруашылық және қоршаған орта сияқты салаларда концепцияларды эксперименталды тексеруді жүзеге асыруды көздейді.
«Басты мақсатымыз - телекоммуникация мен ақпараттық технологиялар торабында бизнес шешімі болатын жолды таңдау. IоТ саласындағы инновациялар біздің негізгі акционер «Қазақтелеком» АҚ-мен синергияға жетіп, сондай-ақ нарықтағы басқа да маңызды серіктестермен өзара іс-қимыл жасауды көздейтін басты бағыт болып табылады. Бірлескен күш-жігер біздің бизнесімізде тиімдірек болуымызға көмектесетінін түсінеміз. Бүгінгі таңда біз KazTechInnovations-пен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көшкенімізге және интернет заттар бағытында бірлескен жобаларды әзірлеу туралы ниет туралы меморандумға қол қойғанымызға қуаныштымыз. Бұл ынтымақтастық біздің компаниямызға да, тұтынушыларға да, ең бастысы, ел экономикасына пайда әкелетініне сенеміз», - деп түсіндірді« Кселл »АҚ-ның Бизнес нарықты дамыту жөніндегі директоры Вадим Лю.
KazTechInnovations - жоғары технологиялық электронды жабдықты жобалау мен өндіруге маманданған инновациялық ғылыми-өндірістік компания. Компания зауыты толық циклді өндіріс режимінде жұмыс істейді және жеке конструкторлық бюросы бар. Оның қуаты IoT құрылғыларын өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін. «KazTechInnovations» компаниясының бас директоры Тайыржан Балбаевтың айтуынша екі компания да IОТ индустриясын дамыту туралы бірдей көзқарастарға ие.
«Біз интернет заттарға арналған ішкі стандарттарды әзірлеуге және оларды енгізуге бар күш-жігерімізді саламыз. Ортақ жұмыс сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті және ауыл шаруашылығындағы деректерді жинау және өңдеу бағыттарын дамытуға ықпал ететін болады деп үміттінеміз», - деді Тайыржан Балбаев.
Меморандум IOT саласындағы технологиялық күрделі жобалардың белсенді дамуын және олардың жаппай қолдану шығуына көмектесуді көздейді. Сонымен бірге, компания қазақстандық серіктестіктерге басымдық бере отырып, IoT шешімдерінің серіктестері мен жабдықтаушылары экожүйесін құрып, Қазақстанға цифрлық трансформацияға көмектесу үшін гипотезаларды және жаңа технологиялық шешімдерді тестілеуді жүзеге асырады.