Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышев Қазкомның ірі акционеріне айналды

Кеңес Рақышев Қазкомның ірі акционеріне айналды

Кеңес Рақышев Қазкомға БТА-ның қалған акциялар пакетін сатып, банктердің бірігуі аясында Казкомның ірі акционеріне айналды.

Казком Кеңес Рақышевтан бір акция үшін 0,24162 теңге төлеп, жалпы саны 304 187 299 781 қарапайым акция сатып алған. Нәтижесінде, БТА Банктегі Қазкомның үлесі 47,415%-дан 94,83%-ға өсті. "Самұрық-Қазына" қорының атынан  сенімгерлік басқаруға алынған акциялардың есебінен (4,26%) Қазком БТА-ның қарапайым акцияларының 99,09%-ын дауысқа салуға мүмкіндігі бар.

Қазкомның бұрын жарияланған қарапайым акцияларын орналастыру аясында Кеңес Рақышев бір акцияны 575,2 теңгеден жалпы саны 127 777 704 қарапайым акцияны иемденді. Осылайша Кеңес Рақышев қажетті реттеуші құқықтарға ие бола отырып, жаңа ірі акционерге айналды.

Похожие материалы