Экономика
Выбор редактора
Кедендік одақ елдері арасында роумингті алып тастауы мүмкін
Кедендік одақ елдері арасындағы роумингті алып тастау керек деген мәлімдеме жасады Федералды антимонополиялық қызмет (ФАҚ) басшысы Игорь Артемов.
"Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Белорусия арасында мүлдем роуминг болмауы тиіс", - деді Артемов "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ресейлік операторлар халықаралық роуминг бағасын қымбаттатып отыр. ФАҚ бүгінде ТМД аясында зерттеулер жүргізіп жатыр.
"Біз операторларға нақты айтқанбыз. Роуминг бағасын түсіру керек деп. Кедендік одақ арасында роумингт болмауы керек. Ресей азаматтары да басқа елдерді азаматтары секілді алып тастауға келісім беру керек. Ал, басқа бағыттардағы бағалар болса, кем дегенде 2 есеге азаюы керек", - дейді ФАҚ басшысы.
Өткен жылдың қазан айында ФАҚ ТМД елдері, Аустрия, Түркия, Египет, Үндістан және өзге де мемлекеттермен біріге отырып, роумингті арзандату шарасы ретінде "жол картасын" дайындаған болатын. ФАҚ басшысының орынбасары Анатолий Голомолзиннің айтуынша, ресейлік операторлардың тарифтерді төмендетуге бір жыл уақыттары бар. "Бірінші рет ескертпе жасаймыз. Егер, орындалмайтын болса, қатаң шара қолданатын боламыз", - деген еді.
Ресейлік операторлар болса, барлығы рубль девальвациясының кесірінен деп отыр. Себебі, олардың мәрелік бағаларының үштен екісі шетелдік валюта.
Халықаралық роумингте дыбыстық қызмет пен интернет-трафик бағаларын көтерген "Мегафон" болды. Одан кейін, Еуропа, Балтық және ТМД елдеріне дыбыстық қоңырау бағасын өсірген "Т2 РТК Холдинг" (Tele2) ААҚ болды.
2 сәуірден бастап МТС роумингтегі дыбыстық қызмет бағаларын өзгертті: 23 бағыт бойынша тариф өссе, 26 елде азайған. "Вымпелком" ААҚ әлі роуминг бағасын көтере қоймады.