Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Кедергісіз болашақ» жобасының жеңімпаздары әлем чемпионатына жолдама алды

«Кедергісіз болашақ» жобасының жеңімпаздары әлем чемпионатына жолдама алды

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz - Алматыда «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында көру қабілеті зақымдалған жастар арасында Голбол  турнирі болды. Жеңімпаздар әлем чемпионатына жолдама алды.

Жобаға Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және ҚР Голбол Федерациясы қолдау көрсетті.

Аталған шараға еліміздің әр өңірінен жиналған 8 үздік голбол құрамалары, Алматы қаласының белсенді жастары, ҚР Голбол Федерациясының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белді спортшылар  қатысты.

«Кедергісіз болашақ» жобасы 14-29 жас аралығындағы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жастарға қолдау көрсету, білім деңгейін көтеру, денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстана отырып, спортқа және қоғаммен кедергісіз қарым-қатынасқа түсуге бейімдеу мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Марапаттау салтанатына ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров қатысып, жеңіске жеткен топтар бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бірінші орынға «Верный-1» құрамасы ие болды. Олар енді тамыз айында Таиландта өтетін Голболдан Тынық мұхиты аймағының Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Шара Алматы жастарының конгресі, Алматы студенттер альянсы, «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымдарының  ұйымдастыруымен өтті.

Голбол – көру қабілеті бұзылған жандар арасында өте танымал ойын түрі. Ойын әрбірінің құрамы 3 ойыншыдан тұратын екі команда арасында өтеді. Негізгі мақсат - ішінде қоңырауы бар арнайы допты қарсыластың қақпасына кіргізу. Ойын есебінде қақпадағы доптардың саны бойынша оқ бойы озық болған құрам жеңіске жетеді. Спорттың бұл түрі 1946 жылдан бастап екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін сауықтыру мақсатында дүниеге келген. 70-жылдардан бастап Параолимпиада ойындарына кіреді. Голбол бойынша Еуропа және әлем чемпионаттары өткізіледі. Қазақстанда да бұл спорт түрі енді қарқын алып  келеді.

Похожие материалы